АЛМАТЫ. 24 мамыр. Баспасөз қызметі 2020 жылғы 18 – 24 мамыр аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.

 

18.05.2020

– 2020 жылғы 11-17 мамыр аралығындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі көрсеткіштеріне талдау.

***

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетінің студенттері Айдай Жанай мен Валентина Дойка «Өз елім» республикалық байқауында жүлделі орындарға ие болды.

20.05.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік бес басым бағыты не? Білім ордасының жоғары оқу орындарынан ерекшелігі неде? 21 мамыр күні Қыздар университетінде осы және өзге де сауалдарды қамтыған жиын өтеді.

21.05.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Алдамбергенова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

***

– 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 60-тан астам мәдениет саласының маманы еңбек етеді. Олардың қатарында «Халық әртісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Мәдениет саласының үздігі» және «Мәдениет қайраткері» атақтарының иелері бар.

***

– «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік бес басым бағыты». Осындай атаумен оқу орнында республикалық онлайн семинар өтті.

22.05.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің үздік жас ғалымдары анықталды. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауда ізденушілердің ғылыми еңбектері мен мақалалары, ғылыми конференцияларға қатысуы, инновациялық патенттері, олардың қатысуымен орындалған жобалар, студенттердің ғылыми жұмысына жетекшілік етуі және қоғамдық істері сараланды.

***

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары арасында ұйымдастырылған «Үздік ғалым» байқауының жеңімпаздары анықталды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti