АЛМАТЫ. 16 маусым. Баспасөз қызметі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Құралай Тұрғанбай ғылыми топ құрамында бірнеше авторлық куәлікке ие болды.

Атап айтқанда, ол Ғылыми ақпараттандыру орталығының жұмыс берушілерімен бірігіп 4 куәлікке қол жеткізді.

Мультимедиялық оқыту бағдарламаларының басты мақсаты – мультимедиялық білім беру бағдарламасын кеңінен пайдалану.

Автордың айтуынша, аталған бағдарламалар «Информатика» пәні бойынша оқушылардың білімі мен білігін дамытуға, осы тарапта арнайы дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға серпін береді. Сонымен қатар ғылыми жаңалықтар 11-сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық бағыттағы материалдарды жете меңгеруіне көмектеседі.

«Мультимедиялық оқыту бағдарламасы. «Информатика. Сандық сауаттылық. 11-сынып (жаратылыстану-математика бағыты) және «Мультимедиялық оқыту бағдарламасы. «Информатика. Жасанды интеллект. 11-сынып (жаратылыстану-математика бағыты) атты авторлық куәліктердің қолдану саласы – білім және оқу үдерісі.

Айта кетейік, ғылыми өнертабыс авторларының құрамында Құралай Тұрғанбаймен қатар Альмира Тәжіғұлова, Гүл Нұрғалиева, Юлия Панченко, Айнұр Арыстанова және Виталий Григоров сынды ізденушілер болды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti