АЛМАТЫ. 22 маусым. Баспасөз қызметі 2020 жылғы 15 – 21 маусым аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.

 

15.06.2020

– 2020 жылғы 8 – 14 маусым аралығындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі көрсеткіштеріне талдау.

16.06.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде шығармашылық дайындықты талап ететін «Музыка», «Хореография», «Мәдени-тынығу жұмысы», «Бейнелеу өнері және сызу», «Кәсіптік оқыту», «Дәстүрлі музыкалық өнері», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарына құжаттар қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүргізіліп, емтихандар 8-13 шілде күндері өткізіледі.

* * *

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Құралай Тұрғанбай ғылыми топ құрамында бірнеше авторлық куәлікке ие болды.

* * *

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Маржан Ұзақбай «Қазақстанның үздік студенті» атты халықаралық байқаудың жеңімпазы атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

17.06.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымының кандидаты Роза Набуованың «Бастауыш мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагог мамандарды даярлау теориясы мен әдістемесі» атты монографиясы мен «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» атты оқу құралы жарық көрді.

 

18.06.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «kazmkpu.kz» ресми интернет-ресурсы жаңарады. Мақсат – сайттың тиімділігін, азаматтарға қажетті ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыру және ресурсты заман талабына сай дамыту.

 

19.06.2020

 – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: мәселелері және оны шешу жолдары». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде дөңгелек үстел өтті.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti