АЛМАТЫ. 28 маусым. Баспасөз қызметі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Атаулы датаға орай бірқатар отандық БАҚ өкілдері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың Алғыс хатымен марапатталды.

Атап айтқанда, олардың қатарында «Almaty» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова, «Казинформ» Халықаралық ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы Асқар Умаров, «Азаттық рухы» АА директор бас редакторы Серғали Балажан, «Qazaqstan» телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры Жалғас Сәдібекұлы, «31 арнаның» Ақпараттық бағдарламалар директоры Болат Мүрсәлім, «КТК» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметінің редакторы Артур Ізбасов, «Orda FM» директоры Ержан Жүніс, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Egemen Qazaqstan» газетінің шолушысы Айнаш Есалы, «Білімді ел – Образованная страна» газетінің  бас редакторы Ләззат Түркістанова, «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Рая Ескендір, «Tengrinews» ақпарат агенттігінің шеф-редакторы Ардақ Құлтаев, «Newsroom» ақпарат агенттігінің бас редакторы Олжас Беркінбаев, «Zakon.kz» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Айдын Олжаев, «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарының тілшісі Алма Оразбаева бар.

Қыздар университеті ректорының Алғыс хатын Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ләззат Бөлебаева мен Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан арнайы табыстады.

«Сізді Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге кәсіби шеберлігіңіз бен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметін жан-жақты насихаттаудағы ақпараттық қолдауыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да өзара тиімді қарым-қатынаста болатынына кәміл сенімдімін. Сізге жаңа шығармашылық жобаларды іске асыруда шалқар шабытыңыздың арта түсуіне тілектеспін. Сізге және Сіздің туған-туыстарыңызға зор денсаулық, баянды бақ-береке тілеймін» делінген Алғыс хатта.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti