Құрметті білім алушылар!

Біз Сіздердің назарыңызға 2018 жылғы «Мен өзгерткім келетін нәрсе» атты Халықаралық эссе байқауын ұсынамыз (Жапония), бағдарлама ЮНЕСКО-ның Тұрақты дамудың білім беру саласындағы ғаламдық іс-қимыл бағдарламасы (ESD).

Эссенің тақырыбы: Сіздің мектебіңізді немесе университетіңізді, жұмыс орныңызды, қоғамды, елді немесе әлемді жақсарту үшін өзгерткіңіз келетін жалғыз нәрсе? Мұндай өзгерістерге қалай жетуге болады? Өзіңіздің нақты ойларыңызбен бөлісіңіз.

Байқаудың шарттары:

– эссені 25 жасқа дейінгі білім алушылар ұсына алады;

– ағылшын, француз, испан немесе неміс тілдерінде 700 сөзден артық болмауы қажет;

– эссені пошта немесе интернет арқылы жіберуге болады (*МАҢЫЗДЫ интернет арқылы эссенізді жібергіңіз келсе, онлайн тіркеліп және қажетті нұсқауды орындаңыз);

– өтініштеріңіз 2018 жылдың 15-маусымына дейін қабылданады.

Жеңімпаздар:

1-орын: Сертификат, 100 000 иенмен марапатталады (2018 жылғы ақпанның доллар бағамы бойынша 900 АҚШ доллары) және сыйлық беріледі (1 қатысушы);

2-орын: Сертификат, 50 000 иенмен марапатталады (2018 жылғы ақпанның доллар бағамы бойынша 450 АҚШ доллары) және сыйлық беріледі (2 қатысушы);

3-орын: Сертификат және сыйлық (5 қатысушы);

25 қатысушыны құрметпен атап өтіп, сертификат және сыйлық беріледі.

2018 жылғы Халықаралық эссе байқауы туралы толық ақпарат немесе https://www.goipeace.or.jp/en/work/essay-contest/

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.