АЛМАТЫ. 1 мамыр. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова оқу орнының ұжымы мен студенттерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Құрметті әріптестер, студенттер!

Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен қиын-қыстау замандарда киіз туырлықты қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалған бірлігі мен ынтымағы десек, артық айтқанымыз емес. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық, бесенеден  белгілі.

Бабалардың сан ғасырлар бойы арманы шындыққа айналып – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ел бірлігін ту етіп, елімізде сан түрлі этностың баласы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Келісім мен бірлік, Отанымыздың тағдырына деген ортақ жауапкершілік – Қазақстанның табысты дамуының басты стратегиялық ресурсы, ертеңгі күнге деген біздің сеніміміз бен күшіміздің алғышарты. Барлық алға қойған мақсаттарға ел азаматтарының бірлігінің арқасында ғана қол жеткіза аламыз. Тек бірлескенде ғана, біз көптеген қиындықты еңсере алатынымызға кәміл сенімдімін.

Егемендіктің ширек ғасырдан астам кезеңінде Қазақ елі дамудың дара жолын таңдап, берік берекенің белесіне беттеді. Отанымыздың гүлденуіне жол ашты. Халқымыздың атын әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді.

Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.