Құрметті білім алушылар! Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2018-2019 оқу жылына арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бюджеттік қаражат бөлінгенін хабарлаймыз.

Еуропалық Одақ елдеріне 15 орын, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 6 орын бөлінді.

Қазіргі кезде, Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Еуропалық Одақ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің  серіктес ЖОО-мен келіссөз жүргізуде.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  хабарласыңыз: тел. 233 89 08, 128 бөлме

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.