АЛМАТЫ. 14 мамыр. Media _Ortalyq – «Бір университет – бір кітап» акциясы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «ХХІ ғасырдағы адами капитал» атты  флешбук өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына арналған іс-шараны Қыздар Университетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абай Құрманқұлов ашып, жиынның мән-маңызына тоқталды.

– Қазақ елі үшін соңғы ширек ғасырдан астам уақыт ғасырлар жүгін арқалаған ерекше кезең ретінде құнды. Мемлекетіміздің тәуел­сіздігі мен ұлттық қауіпсіздігі, эконо­ми­ка­мыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз бола­шақтарына деген берік сенімі, бүгінгі күндегі өркениетті қоғамдастық ортасында іргелі елге айналуында Елбасының саясаткерлігі, көреген басшылық тұлғасы айқын көрінеді. Мемлекет басшысының бұл еңбегі жарық көрген күннен бастап Қыздар Университетінде кеңінен талқыланды. Бұл тарапта ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы жиындардың қорытындысы іспеттес болып отырған бүгінгі флешбуктың мақсаты – оқу орны ұжымы мен студенттерінің арасында Елбасының Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сіңірген сүбелі еңбегін насихаттау, тәуелсіздік ұғымын қастерлеу және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, – деді А. Құрманқұлов.

Акцияның екінші бөлімінде факультетаралық зияткерлік сайысы өтті. Жарысқа университеттің эдвайзер сағатын өткізу барысында іріктеліп алынған алты топ қатысып, бақтары мен баптарын сынады. Атап айтқанда, үш кезеңнен тұратын сайыс кезеңдерінде Жарытылыстану факультетінің «Нұрлы Жол», Өнер және мәдениет факультетінің «Жас тұлпар», Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Freedom», Педагогика-психология факультетінің «Ұлы Дала қыздары», Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің «Ел үміті» және Физика-математика факультетінің «Идеал» командалары өзара мықтыны анықтады.

Командалар алғашқы кезеңде «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының әр тарауы бойынша инфографика әдісімен дайындалған мәліметтерді сараласа, екінші турда тарихи еңбектегі латын қарпімен жазылған үзіндіні оқып, кирилл нұсқасында таңбаланған жекелеген сөздерді жаңа латын қарпімен жазды. Ал, үшінші айналымда Мемлекет басшысының кітабы туралы Қыздар Университетінің профессор-оқытушылары мен белсенді студенттерінің видео сауалдарына жауап беріп, білімдерін сынады.

Зияткерлік сайыс соңында белгілі тіл жанашыры Асылы Осман жарысқа қатысушыларға ізгі ниетін білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады. Ол жастар арасында Мемлекет басшысының сүбелі еңбегін дәріптеу және өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында осы тақілеттес жиындардың маңызы зор екендігін атап өтті.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.