АЛМАТЫ. 16 мамыр. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің студенттері Г. Жасарқызы, А. Өтемұратова және А. Әбілова «ҚазҰПУ-Fashion Days» қалалық сән байқауында үшінші орынға ие болды.

Кәсіптік білім кафедрасының білімгерлері байқауға «Авангард» және «Рret-a-porte» аталымдары бойынша қатысып, көпшілік назарына 4 киім топтамасын ұсынды. Сайыста Алматы технологиялық университеті, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Сымбат сән академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы технологиялық колледжі, Алматы сервис колледжі және Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжінің студенттері «Этностиль», «Рret-a-porte» және «Авангард» номинациялары бойынша баптары мен баптарын сынады.

– Байқауға барлығы 35 жоба ұсынылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Қыздар Университетінің студенттерінің жұмысы жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды, – топ дейді жетекшілері, Кәсіптік білім кафедрасының оқытушылары Ұ. Алашабаева мен С. Қырықбаева.

Оқу орны студенттерінің бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері бір бұл ғана емес. Бұған дейін де білімгерлер республикалық, аймақтық сән байқауларында «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шығып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Университет ұстаздарды сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасауды жастарға жете таныстырып, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруды көздеп отыр.

– Мақсатымыз – студенттерге қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақталған эстетикалық, мәдени мұраларын терең меңгерту арқылы олардың танымдық көзқарасын қалыптастырып, қолөнерге қызығушылықтарын ояту. Ұлттық киім үлгілеріндегі элементтерді жаңа үлгідегі ұлттық киімдерге ендіріп, соны брэндттер қалыптастырсақ деген ойдамыз, – деп атап өтті факультет оқытушылары.

«Кәсіптік білім» мамандығында оқитын студенттер сабақтан тыс уақытта дизайндық киім үлгілері мен коллекцияларды модельдеп, құрастыруды әдетке айналдырған.

– Қазіргі күнде еңбек нарығында дизайнер мамандарына деген қажеттілік байқалады. Бұған себеп те жоқ емес. Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын бұйымдарға сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Еліміз бойынша сән орталықтары мен шеберханалар да көптеп ашылуда. Басты мақсатымыз – ата-баба дәстүрін кеңінен насихаттап қана қоймай, замандастарымызды төл өнерді бағалауға, ұлттық мұраны сақтауға үндеу, – дейді білімгерлер.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.