1. Венгрия Республикасының Сыртқы экономика және Сыртқы істер министрлігімен шетел азаматтарнына10 айлық венгр тілін оқыту мақсатымен грантық орындар бөлінді. Венгр тіліне және салт-дәстүріне қызығушылық танытқан шетелдік азаматтарды шақырады.

Грант бағдарламасының шарттары мен ережелері:

Стипендия 18 жасқа толған және 35 жастан асқан, бірақ Венгрия мәдениетіне қызығушылық танытып, осы салада ғылыми зерттеулер жүргізетін шетелдік азаматтарға арналған.

Стипендия 55 000 тенге көлемінде, оның ішіне оқу, жатақхана, оқу құралдар шығындары кіреді. 40 грантық орын бөлінген.

Қосымша ақпарат алу үшін PDF жүктеңіз немесе Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз, 128 бөлме.

2. «Абай-Верн» бағдарламасының Франция университеттеріне грант орындары бөлінді:

1. 100 орын, оның ішінде 90 орын 2 курс магистранттарына, 10 орын докторанттарға бөлінді.

2. Оқу мерзімі: магистранттар үшін – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың маусым айына дейін; докторанттарға – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін.

3. Тегін оқу + Франция әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады. Қазақстан Республикасы  магистранттардың тұру шығындарын айына 800 еуро мөлшерінде төлеп береді және докторанттардың тұру шығындарын айына 1200 евро төлеп береді. Басқа шығындар білім алушының өз қаражатынан төленеді.

4. Қажетті құжаттар:

– Франция университетінен шақыру-хаты;

– мотивациялық хат;

– 2 түйіндеме (1 француз немесе ағылшын тілінде және 1 қазақ немесе орыс тілінде);

– төлқұжат көшірмесі;

– Нотариалды куәландырылған диплом көшірмелері;

– шет тілін білетіндігін растайтын сертификаттар (француз тілі B1-ден төмен емес, ағылшын тілі B2-ден төмен емес);

– докторанттарға 2 бетке арналған proposal, жетекшінің пікірі, банктік деректемелері.

5. Қазақстан-француз бағдарламалары бойынша білім алған және француз жоғары оқу орындарымен серіктестік байланысқа ие болған үміткерлерге басымдық беріледі.

6. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 10 маусым

Қосымша ақпарат алу үшін cілтемені басыңыз http://www.culturefrance.kz/Usloviya-uchastiya-v-programme-mobil-nosti-Abaj-Vern немесе Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз, 128 бөлме.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.