АЛМАТЫ. 22 мамыр. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблі мен «Томирис» би ансамблі Дельфий ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, өнер көрсетті.

Шарада оқу орнының өнер ұжымдары «Тек алға» әні мен «Шашу» биін орындап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

21-23 мамыр аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтетін конкурста Алматы қаласының 10-25 жас аралығындағы жастары, жоғары оқу орындарының  студенттері, мектеп оқушылары және колледж білімгерлері қатысып, бақтары мен баптарын сынамақ. 16 номинация бойынша ұйымдастырылатын байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік жоғары оқу орны, мектеп пен колледж арнайы марапатталмақ. Байқау жеңімпаздары қаланың намысын республикалық Ұлттық дельфий ойындарында қорғайтын болады.

Ойындар мәдени мұраны сақтап, жас таланттарды тауып, оларды қолдау, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына рухани-эстетикалық тәрбие беру, мәдениаралық диалог пен ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етуді көздейді. Осы тұрғыда биылғы жылғы байқаудың орны ерекше.

Айта кетейік, Дельфий ойындарының өтуіне Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті демеушілік көрсетуде.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.