АЛМАТЫ. 29 мамыр. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Гонконг университетінің профессорлары Кай-Мин Чен мен Кэтрин Чан болды. Шетелдік жоғары оқу орнының өкілдері сапар аясында университет ректоры Гаухар Алдамбергеновамен кездесіп, ынтымақтастық орнату жайын талқылады.
– Бүгінде Қыздар Университеті әлем елдерінің 30-ға жуық жоғары оқу орнымен өзара әріптестік байланыс орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Англия, Үндістан, Франция, Қытай, Германия, Түркия, Малайзия сынды мемлекеттердің беделді университеттері бар. Осы орайда алдағы уақытта Гонконг университетімен де академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылар алмасуға және бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендігімізді айтқым келеді, – деді Гаухар Алдамбергенова.
Өз кезегінде қытайлық профессорлар екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы туралы әңгімелеп, алдағы уақытта Қыздар Университетінің басшысы айтқан ұсынысқа ықпал жасайтынын жеткізді.
Сонымен қатар, сапар барысында Кай-Мин Чен мен Кэтрин Чан педагогикалық оқу орнының ұжымымен жүздесіп, келешекте атқарылар жұмыстар жайында уағдаласты.
Сондай-ақ, Гонконг университетінің делегациясы университет студенттеріне лекция оқып, «Ақтұмар» музейімен, «Латын тілі орталығының» жұмысымен танысты.
MEDIA DEPARTAMENTI
BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI
Tel.: 8 (727) 247-00-07
e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti
Сообщить об опечатке
Текст, который будет отправлен нашим редакторам: