АЛМАТЫ. 30 мамыр. Media _Ortalyq –  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес құрылды.

Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының «Жоғары оқу орындарында философия (PhD) докторы, бейіні бойынша докторы ғылыми дәреже беру бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ашу туралы»  бұйрығына сәйкес құрылып отыр.

Кеңес төрайымы болып Қыздар Университетінің Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарқынбике Сүлейменова тағайындалды. Ғылыми органның құрамы 13 адамнан тұрады. Олардың қатарында белгілі ғалымдар мен тіл мамандары бар.

Бұл оқу орнының ғана емес, еліміздегі филология ғылымының дамуына ашылған жол. Себебі диссертациялық кеңес – ғылыми зерттеу жолына түскен болашақ ғалымдардың еңбегін саралап, жіті ғылыми сүзгіден өткізетін ғалымдар кеңесі.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.