АЛМАТЫ. 4 маусым. Media _Ortalyq –  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ақпараттық ілгерілету – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі жұмысының басым бағыттарының бірі.

Бүгінге дейін Елбасының бағдарламалық мақаласына орай оқу орнында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 500-ге жуық материал жарық көрді.

Бұл орайда Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатымен кешенді медиа-жоспар әзірленді. Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асанның айтуынша, бүгінде осы бағытта ақпараттық қолдау көрсететін 3 республикалық телеарна, 2 радио, 12 газет пен 25 интернет-порталды қамтитын БАҚ бойынша өзара іс-қимыл реттелген.

– Қазіргі күнге дейін отандық ақпараттық кеңістікте осы тақырыпқа орай 500-ге жуық материал шықты. Олардың қатарында білім-ғылым саласындағы тың жаңалықтар, жас ғалымдардың инновациялық жобалары мен рухани-танымдық тұрғыдағы маңызды ақпараттар бар. Телеарналар эфирінде педагогикалық оқу орнындағы іс-шаралар туралы сюжеттер мен білім және өнер саласында айтулы жетістікке жеткен қызметкерлер жайында циклдік бағдарламалар көрсетілімі ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, алдағы уақытта университеттің ресми-интернет ресурсында Рухани жаңғыру бағдарламасына арналған арнайы баған ашылады. Ол жерге университет ұжымы мен студенттерінің мақала жайындағы жарияланымдары мен ақпараттық материалдары енгізілмек. Сонымен қатар, республикалық интернет-кеңістіктегі Tengrinews.kz, Zakon.kz, Baq.kz, Kazinform.kz, Egemen.kz сынды рейтингі жоғары сайттарда мақаланы ілгерілету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Айта кету керек, бұл өзара әріптестік аясында іске асырылып отыр, – деп атап өтті Жандар Асан.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.