АЛМАТЫ. 6 маусым. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýnıversıteti» республикалық қоғамдық-саяси жастар газетінің жаңа саны жарық көрді.

– Басылымның мамыр айындағы нөмірінде 15 ақпараттық, 1 сараптамалық және 8 авторлық мақала оқырман назарына ұсынылып отыр. Атап айтқанда газетте Қыздар Университетіндегі өткен іс-шаралармен қатар, оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің материалдары берілген. Сонымен қатар, университет студенттерінің білім, ғылым және өнер байқауларындағы жетістіктері де топтастырылған, – дейді Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, газеттің бас редакторы Жандар Асан.

Мәселен, «Aqparat» бетінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей…» атты авторлық мақаласы және оқу орнының Ұлыбританияның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен орнатқан ынтымақтастығы туралы материал орналастырылған.

«Bilim» бетінде «Гендерные перспективы», «Жүз оқулықтың қандай ерекшелігі бар?», «Аш адамға балық берме, қармақ бер» тақырыптарындағы және «Жасыл ел» бағдарламасының жазғы маусымының ашылуы турасындағы ақпараттық мақала берілген.

«Self-Made» айдарымен берілген 4-5 беттерде білім ордасындағы соңғы 9 айдағы 10 оң өзгеріс оқырман назарына ұсынылып отыр. Сондай-ақ, аталған беттерде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев жайлы биология ғылымдарының докторы Әділхан Мәуидің «Заманымыздың заңғар тұлғасы», Жарытылыстану факультетінің оқытушысы Анар Достемесованың «Қызым – үйде, қылығы – түзде…» тақырыбындағы мақалалары назарға ұсынылып отыр.

«Болашағыңды Қыздар Университетінен баста!», «Адам капиталын дамыту – басты бағдар», «Важный аспект образовательного учреждения», «Университет студенті оқуы тиіс 100 кітап: «Жусан иісі» тақырыптарындағы материалдар «Zerde» бетінде.

«Qyzdar life» бетінде студенттердің республикалық пән олимпиадаларындағы, өнер және ғылыми жобалар байқауындағы нәтижелері оқырман назарына ұсынылып отыр.

«Weekend» айдарымен Қыздар Университетінің спорттағы жетістігі туралы және «Университет аруы – 2018» байқауы жайындағы мақалалар берілген.

«Qyzdar Ýnıversıteti» газетінің мамыр айындағы санының Pdf нұсқасын мына жерден оқуға болады.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.