АЛМАТЫ. 6 маусым. Media _Ortalyq – Білім мен ғылымның флагманы, ұстаз мамандарды даярлайтын еліміздегі іргелі оқу орны – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті талапкерлерді оқуға шақырады. Университет 43 бакалавр, 23 магистратура және 4 PhD мамандығы бойынша педагогикалық, гуманитарлық, өнер, әлеуметтік ғылымдар  бағыттарында мамандар дайындайды.

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті – экономика, тарих, құқық, әлеуметтік және кәсіптік салаларға арналған жоғары білікті кадрлар дайындайтын қара шаңырақ. Факультетінің миссиясы – елдің адами капиталы дамуына кәсіби табыс әкелетін жоғары білікті педагог  мамандар дайындау. Бағдары – ғылыми, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық міндеттерді жүзеге асыратын, елдің  дамушы әлеуметтік-инновациялық қажеттіліктерін қанағаттандырушы кадрларды дайындайтын факультет ретінде Қазақстанның білім беру бағдарламасында өз  бағдарын нығайту.

 

* * *

ФАКУЛЬТЕТ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриат бойынша:

– 5В011400 – Тарих;

– 5В020300 – Тарих (ғылыми бағыт);

– 5В050600 – Экономика;

– 5В050800 – Есеп және аудит;

– 5В011500 – Құқық және экономика негіздері;

– 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;

– 5В050100 – Әлеуметтану;

– 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс;

– 5В012000 – Кәсіптік оқыту;

– 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу.

 

Магистратура бойынша: 

– 6М020300 – Тарих (ғылыми бағыт);

– 6М050100 – Әлеуметтану;

– 6М090500 – Әлеуметтік жұмыс;

– 6М012000 – Кәсіптік оқыту.

 

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты, 208-кабинет. Байланыс телефоны: +7(727) 233-19-28.

   

* * *

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тұңғыш факультеттерінің бірі – Физика-математика факультеті болды. 74 жылдық тарихы бар Физика-математика факультеті өзінің қалыптасу мен дамудың әртүрлі кезеңдерінен өтіп, қоғамның өзгерістеріне сәйкес көкейкесті мәселелерді шеше алатын жоғары білікті мамандар даярлап келеді. Факультет миссиясы – ақпараттық технологиялар және заманауи білім берудің озық ғылыми жетістіктері негізінде физика-математикалық білім беру, информатика, ақпараттық технологиялар аумағында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

 

* * *

ФАКУЛЬТЕТ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриат бойынша:

– 5В010900 – Математика;

– 5В011000 – Физика; 

– 5В011100 – Информатика; 

– 5В060200 – Информатика; 

– 5В070300 – Ақпараттық жүйелер.

 

Магистратура бойынша:

– 6М010900 – Математика;

– 6М011000 – Физика;

– 6М011100 – Информатика;

– 6М060200 – Информатика.

 

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты, 413 кабинет. Байланыс телефоны: +7(727)233-18-20.

 

* * *

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Педагогика және психология факультеті – еліміздегі педагог-психологтарды, білім беру жүйесіндегі психологтарды, бастауыш сынып мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін дайындайтын іргелі білім ошағы. Факультет миссиясы – педагогика және психология саласында жаңа тұрпатты мамандарды дайындау және ғылыми-әдістемелік, кәсіби іс-әрекетте көшбасшы болу.

 

* * *

ФАКУЛЬТЕТ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриат бойынша:

– 5B010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

– 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі;

– 5В010300 – Педагогика және психология;

– 5В050500 – Психология;

– 5В010800 – Дефектология;

– 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану;

– 5В010500 – Денешынықтыру.

 

Магистратура бойынша:

– 6M010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

– 6М050300 – Психология;

– 6М010500 – Дефектология.

 

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты. Байланыс телефоны: +7 (727) 233-45-90.

 

* * *

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті университет қабырғасы қаланған 1944 жылы құрылды. 70 жылдық тарихы бар факультет жоғары білімді филолог кадрларды даярлауға зор үлес қосып келеді. Факультет миссиясы – ұтқыр, қазіргі заманғы отандық және халықаралық талаптарға сай бәсекеге қабілетті, толерантты, креативті, педагогикалық ғылым мен тәжірибе саласында құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа ие, өзін-өзі тиімді кәсіби жетілдіруге бейім, өскелең ұрпақтың оқу, тәрбие және дамуына үлес қосуға дайын, жаңашылдық тұрғыдан жан-жақты ойлайтын және патриотизмге тәрбиеленген мамандарды даярлау.

 

* * *

ФАКУЛЬТЕТ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриат бойынша:

– 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті;

– 5В020500 – Филология;

– 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті;

– 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

– 5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

– «5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі.

 

Магистратура бойынша:

– 6М020500 – Филология;

– 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті;

– 6М012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

– 6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі;

– 6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті.

 

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 208-кабинет. Байланыс телефоны: +7(727) 279-42-02.

 

* * *

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Жаратылыстану факультеті – Қыздар университетінің құрамында алғашқы ашылған факультеттердің бірі. Мұнда «Химия», «Биология», «География», «Экология» мамандықтары бойынша бакалавр және «Химия», «Биология», «География» мамандықтары бойынша магистрлер даярланады. Факультет миссиясы – еліміздің мәдени және білім беру жүйесінің жоғары мәртебесін қамтамасыз етуге үлес қоса алатын, әлем кеңістігінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылыми, педагогикалық кадрлар мен құзыретті мамандарды даярлау.

 

* * *

ФАКУЛЬТЕТ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриат бойынша:

– 5В011200 – Химия;

– 5В060600 – Химия;

– 5В011300 – Биология;

– 5В060700 – Биология;

– 5В011600 – География;

– 5В060900 – География;

– 5В060800 – Экология.

 

Магистратура бойынша:

– 6М060600 – Химия;

– 6М011300 – Биология;

– 6М060900 – География.

 

Докторантура бойынша:

– 6D060600 – Химия;

– 6D011300 – Биология.

 

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты. Байланыс телефоны: +7(727)233-18-60.

 

* * *

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІ

Өнер және мәдениет факультеті оқу-тәрбие үрдісінде мәдени және көркем өнер, спорт, ғылым мен білім, ғылыми-әдістемелік жұмыс бағытында жан-жақты жетістіктерге жетуде. Болашақ педагог кадрларды дайындауда факультет кафедраларының оқытушылары әлемдік білім беру стандарттарына сай оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар мен интерактивті оқыту әдістерін қолдана отыра, білім беру сапасын, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарын дамытуда. Факультет миссиясы – жоғары интеллектуалды, инновациялық тұрғыдан жаңаша ойлайтын, рухани салауатты өмір салтын ұстанатын педагог-тұлғаны қалыптастыру.

 

* * *

ФАКУЛЬТЕТ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриат бойынша:

– 5В010600 – Музыкалық білім;

– 5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері;

– 5В040900 – Хореография;

– 5В091000 – Кітапхана ісі;

– 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы.

 

Магистратура бойынша: 

– 6М010600 – Музыкалық білім.

 

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 161, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің № 3 оқу ғимараты. Байланыс телефоны: +7 (727) 233-74-94.

 

* * *

ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

– арнайы үлгідегі өтініш;

– білімі туралы құжат (колледж бітірушілерге аттестат қосымшасымен, диплом қосымшасымен, түпнұсқа);

– сертификат; (ҰБТ, КТ);

– жеке куәлік көшірмесі;

– 3х4 өлшеміндегі 6 фотосурет;

– мемлекеттік білім грантын алуға жеңілдік беретін құжат (I-II топтағы және бала кезінен мүгедектер, әке-шешесі жоқтар үшін);

– 086-У нысанындағы медициналық анықтама.

 

Қабылдау комиссиясының мекенжайы:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Кітапханa ғимараты. Байланыс телефоны: +7 (727) 233-18-52.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.