АЛМАТЫ. 8 маусым. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Астана – Ұлы Дала елордасы» атты көрме ашылды. «Арт Дара» өнер галереясындағы шара Елорданың 20 жылдығына арналған.

Оның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен өнер қайраткерлері қатысты.

Көрмеде Қыздар Университетінің оқытушылары мен студенттерінің 30-дан астам картинасы мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылған. Өнер туындыларында авторлардың жүрек жылуы мен өнерге деген махаббаты, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері кеңінен орын алған.

– Іс-шараның мақсаты – Елорданың қалыптасу тарихын қылқалам шеберлерінің көзқарасы тұрғысынан дәріптеу, көпшіліктің бейнелеу өнеріне көркем құндылық тұрғысындағы көзқарасын қалыптастыру және жергілікті суретшілер арасында тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бабадан балаға мұра болып келе жатқан мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа жеткізу һәм таныстыру, – дейді оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Көрмеге қойылған өнер туындылары екі ай бойы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.