АЛМАТЫ. 11 маусым. Media _Ortalyq – Білім саласына енгізілген реформалар мен өзгерістерді жете меңгеру барысында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін көтеру маңызды шараның бірі. Осы орайда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Көркем еңбек және графикалық дизайн» курсы ұйымдастырылды.

Біліктілікті көтеру орталығының ұйымдастыруымен Кәсіптік білім кафедрасының оқытушылары Нұрзия Рахметова, Сара Қырықбаева және Гүлмария Қалдыбаева жүргізген курстың мақсаты – мектептегі  кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнінің мазмұнына еңгізілген тақырыптарға сәйкес мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру.

– Мектеп қабырғасында аталған пәнді кіріктіру арқылы кәсіби білім беру аса маңызды орын алады. Ал сол білімді беретін пән мұғалімінің кәсіби біліктілігі қандай болмақ? Мәселен, ұстаздар өздерінің іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды шешеді. Қазіргі мұғалімдер білім беруде инновациялық технология негізінде теориялық білім берумен қатар шығармашылық жұмыстарды да заманауи тұрғыда орындаған жөн. Осындай мүмкіндіктерді шешудің бір жолы  кәсіби біліктілікті жетілдіру курсы болып табылады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарымен мектеп арасында байланыс болса, білім беру саласына еңгізілген өзгерістерді бірге талқылап шешу мүмкін болмақ, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Курс барысында  «Көркем еңбек» жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде əрбір тарау бойынша шығармашылық жұмыстар атқырылып, графикалық іс-əрекетті оқу шығармашылығымен байыту іске асырылды. Сонымен қатар, дидактикалық құрал ретінде мұғалімдердің жобалау іс-əрекеттеріне жалпы дайындығын дамытатын жəне ойлау амалдарын жоғарырақ деңгейдегі тапсырмаларды шешуге бағыттауды қамтамасыз ететін арнайы тапсырмалар қарастырылды.

Курс аясында Алматы қаласындағы бірнеше мектептің «Көркем еңбек», «Технология» және «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдері ерекше белсенділік көрсетті. Атап айтқанда, олардың қатарында Гаухар Алмасбекова, Мейрам Көлбаев, Бауыржан Жанысбаев, Ерғали Тохтамбетов, Асылжан Кулшигашов, Урузия Жақыпова және Ақмарал Айғабыл бар. Курс қатысушылары білім беру жүйесінде оқу бағдарламаларына еңгізілген өзгерістер мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелерінде қолданылатын мүмкіндіктерді толық пайдалана білді. Олардың қатарында графикалық жобалаудың шарттары, әдістері мен технологиясы, академиялық кескіндеме, сурет, қолөнер, заманауи компьютерлік бағдарламаларды оқу үрдісінде қолдану мүмкіндіктері бар.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.