АЛМАТЫ. 14 маусым. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде педагогикалық мамандықтардың арнайы емтихандары мен құжат қабылдау рәсімі 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүргізіледі.

– Аталған сынақтың мақсаты – оқуға тусушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындау. Бұл емтиханнан өтпеген талапкер педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылданбайды, бірақ таңдау пәні бойынша басқа мамандыққа тапсыруға құқығы шектелмейді, – дейді Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Оның айтуынша, емтихан Педагогикалық жағдаятты шешу нысанында өткізілмек. Сынақ барысында талапкерге педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып, өмірден алынған нақты мысалдар мен дәйектер ұсынылады. Педагогикалық жағдаятты шешу мерзімі – 20 минут (бір талапкерге).

Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін азаматтардан өтініш қабылдау және арнаулы емтихан өткізу Қыздар Университетінің базасында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Талапкерлер институттың қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнайы емтихан тапсырады.

Арнайы емтиханды бағалау кезінде талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу, сынақ тапсыратын тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына тек қана арнайы емтиханды тапсырған тұлғамен беріледі. Өтініштер арнайы емтиханның нәтижелерін жариялағаннан кейінгі келесі күннің сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссиямен бір күн ішінде қарастырылады. Арнайы емтиханның нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауысымен қабылданады.

Еске сала кетейік, Қабылдау комиссиясы дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00, сенбі  күні сағат 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді. Байланыс телефоны: 8 (727) 233-18-52.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.