АЛМАТЫ. 4 шілде. Media _Ortalyq – Биылғы оқу жылында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін 276 түлек үздік дипломмен бітірді.

Атап айтқанда, оқу орнын бакалавриаттың 43 мамандығы бойынша күндізгі бөлімде 258,  сыртқы бөлімде 18 студент үздік бағамен тәмәмдап отыр.

Соның ішінде Әлеуметтік-гуманитарлық факультетін күндізгі бөлім бойынша 41, Жаратылыстану факультетін күндізгі бөлім бойынша 41, Өнер және мәдениет факультетін күндізгі бөлім бойынша 13, сыртқы бөлім бойынша 10, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетін күндізгі бөлім бойынша 81, сыртқы бөлім бойынша 7, Педагогика және психология факультетін күндізгі бөлім бойынша 50, сыртқы бөлім бойынша 1, Физика-математика факультетін күндізгі бөлім бойынша 32 түлек жоғары нәтижемен аяқтады.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында Қыздар Университетін бакалавриат бойынша барлығы 1538 түлек аяқтап, үлкен өмірге жолдама алды.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.