АЛМАТЫ. 5 шілде. Media _Ortalyq – Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің түлектері де диплом алды. Дәстүрлі шараға оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты.

Биылғы оқу жылында аталған факультетті бакалавриаттың 7 мамандығы бойынша 464 студент және магистратураның 5 мамандығы бойынша 25 магистр тәмәмдап отыр. Оның ішінде 51 бітіруші үздік үлгідегі дипломға ие болды. Факультет деканы Сайраш Жиенбаеваның айтуынша, қазіргі еңбек нарығында педагог мамандарына деген сұраныс артып келе жатқандығын, оны өмірдің өзі айқын көрсетіп отыр.

– «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі», – деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, ұстаз – адам тәрбиешісі, кез келгеннің пешенесіне жазыла бермейтін ерекше кәсіп иесі, адамды адам ету­ші тұлға. Шәкіртінің бойындағы өзгеге байқалмайтын жақсы қасиеттерді көре білетін, оны дамытуға бірден-бір жәрдемші бесас­пап маман. Міне, бұл тұрғыда бізге жүктелер жауапкершілік жоғары. Ұстаздықтың ұлы жолында талмай еңбек еткен адам ғана өзінің биігін бағындыра алады. Оның негізі –  ізденімпаздық пен талап. XXI ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бүгінде әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің жаңашыл ұстаздардың қолына тапсырылып отыр. Білікті ұстаз дайындау – мемлекет дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурс екендігін баса айтқым келеді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – тек қана білім. Білім мен ғылымға қояр талап артып, оқу жүйесі күрделенген шақта жаңа қоғам һәм бүгінгі заман мұғаліміне де жүктелер жүк еселене түсуде. Нағыз ұстаз – оқушы жанына үңіліп, дұрыс жолға сала білуі де қажет. Сіздер осы талаптар үдесінен толық шыға біледі деген сенімдеміз, – деп атап өтті жиында сөз алғандар.

Педагогика және психология факультеті мұғалімдер мен психологтарды дайындайтын еліміздегі іргелі білім ошағы. Факультеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаты –педагогика және психология саласында жаңа тұрпатты мамандарды дайындау және ғылыми-әдістемелік, кәсіби іс-әрекетте көшбасшы болу.

Бүгінгі таңда факультеттің 5 кафедрасы бакалавриат бойынша 7, магистратура бойынша 3 мамандық негізінде қазіргі таңда еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар дайындайды.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.