АЛМАТЫ. 5 шілде. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға оқу орнының оқытушылары мен бітірушілердің ата-аналары және туыстары қатысты.

Биыл факультетті 172 студент пен 9 магистр бітіріп отыр. Олардың 41-і үздік диплом иегері. Жиында факультет деканы Жамал Әшірбекова түлектерге дипломды салтанатты түрде табыс етті.

– Жетпіс бес жылға жуық уақыт мерзімінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мұғалім мамандарын даярлауды сәтті жүзеге асырып келеді. Осы жылдар ішінде іргелі оқу ордасы білім беру нарығында туындаған қажеттіліктерге сай жаңашыл жұмыс істеу тәсілдері мен түрлері арқылы мол тәжірибе жинай білді. Түлектердің алған біліміне, ғылымына қарап, жоғары оқу орнының деңгейі анықталатыны сөзсіз. Сондықтан сіздерге еліміздің педагогикалық саласына инновациялық жаңалықтар алып келетініне үлкен сенім артамыз. Өздеріңіз бітірген университет жетістіктері алдағы кезеңдерде де мол табыстармен жаңа биіктерді бағындырып, сіздерден кейінгі түлектерді де жаңа ізденістерге қанаттандыра бермек. Оқу орнының қабырғасында алған білімідеріңізбен егемен еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, білікті маман болатындарыңызға сеніміміз мол. Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденіп, өсіп-өнуіне лайықты қызмет ету жолында баршаңызға зор денсаулық, мол табыстар тілеймін! – дейді факультет деканы Жамал Әшірбекова.

        

Елдің адами капиталы дамуына кәсіби табыс әкелетін жоғары білікті педагог  мамандар дайындау басты миссиясы болып табылатын Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 10 бакалавриат, 4 магистратура мамандығы бойынша кадр даярлайды.

Қазіргі таңда Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде 13 ғылым докторы мен профессоры, 35 ғылым кандидаты мен доценті және 44 оқытушы қызмет атқаруда.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.