АЛМАТЫ. 5 шілде. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін биылғы оқу жылында бакалавриат бойынша 421, магистратура бойынша 67 филолог бітірді. Олардың 88-і – үздік диплом иегері.

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті отандық және халықаралық талаптарға сай бәсекеге қабілетті, креативті, педагогикалық ғылым мен тәжірибе саласында құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа ие, өзін-өзі тиімді кәсіби жетілдіруге бейім, өскелең ұрпақтың оқу, тәрбие және дамуына үлес қосуға дайын, жаңашылдық тұрғыдан жан-жақты ойлайтын және патриотизмге тәрбиеленген мамандар даярлайды.

Бүгінде факультетте 11 ғылым докторы мен профессор, 5 PhD докторы, 27 ғылым кандидаты мен доценттер және 43 магистр дәріс береді.

Факультеттің 5 кафедрасы 7 бакалавриат, 5 магистратура және 2 PhD докторантура бойынша маман дайындайды.

Биылғы факультеттің түлектері Зулхумор Сатилханова мен Шынар Губайдуллина қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Миссисипи алқабы мемлекеттік университетінде  білімдерін шыңдап келді.  Сондай-ақ, 7 түлек Президенттік шәкіртақы иегері. Республикалық студенттердің ғылыми жобалар конкурсына қатысып, жүлделі орындарды  иеленген Гүлмира Маматова да осы факультеттің білімгері.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.