АЛМАТЫ. 5 қыркүйек. Qyzdar_Ýnıversıteti – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Ата Заң – рухани жаңғыру тірегі» тақырыбында жиын өтті. Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті мұрындық болған басқосуға оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында ұйымдастырылған жиын барысында Құқық және басқару негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ақмарал Қожабекова «Конституцияның тұрақтылығы – мемлекеттің тұрақтылығы», тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бақытжан Аққасов «Жаңарған Конституция демократияның символы» және педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Винара Нұрланова «Ата Заңға енген өзгеріс және Қазақстандағы демократиялық жаңғыру үрдісі» тақырыптарында баяндама жасады. Олар тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң саяси-экономикалық және әлеуметтік реформалардың ілгері басуына ұйытқы болып отырғандығын атап өтті.

– Зерттеушілердің пайымдауынша, Қазақстан Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Еліміздің Конституциясы – бұл мемлекеттік органдар қызметінің қайнар көзі. Ол – қоғамдық өзара келісім мен азаматтар теңдігінің нышаны. Ата Заң – біздің шынайы өміріміз бен әлемдік деңгейдегі беделіміздің айқын көрінісі, жарқын болашағымыздың кепілі, – дейді жиын қатысушылары.

BASPASÓZ  JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.