АЛМАТЫ. 11 қыркүйек. Qyzdar_Ýnıversıteti – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Дара» психологиялық-педагогикалық түзету орталығында ашық есік күні өтті.

Педагогика және психология факультетінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараға оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты. Жиында орталық мамандарының педагогикалық тәжірибелері мен тағылымдамалары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды және ауру балаларды дамытудың жолдары айтылды. Жеке және топтық сабақтар жүргізіліп, баламен үй жағдайында түзету бойынша кеңестер берілді.

Инклюзивті білім беру ұстанымдарын іске асыру, Қазақстандағы арнайы білім беруді қолдау, мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету және болашақ педагог мамандарға практикаға бағдарланған білім беруді дамытуды көздейтін орталық Қыздар Университеті мен «Дара» жеке Қайырымдылық Қоры арасындағы өзара келісімшарт негізінде ашылған болатын.

– 2016 жылы білім және ғылым саласында арнайы бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарламаға сәйкес осындай психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарын ашу міндеті қойылды. Республика бойынша бүгінде 176 кабинет ашылған. Балаларға кедергісіз орта жасауда осындай орталықтардың үлесі зор болмақ, – дейді орталық мамандары.

Орталықта 7 жасқа дейінгі жарымжан және мүгедек сәбилер мен жеткіншектер емделіп, емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі. Балаларға тифлопедагог, логопед, дефектолог, психолог, дене шынықтыру мамандары қызмет жасайды. Орталықта педагогтармен қатар студенттер де жасөспірімдердің тұрмыстық-әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға көмектесіп, оларды балабақша мен мектепке дайындайды. Алдағы уақытта орталық қызметін 200-ге жуық бала пайдаланбақ.

BASPASÓZ  JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.