АЛМАТЫ. 13 қыркүйек. Qyzdar_Ýnıversıteti – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің 1-курс студенті Айзада Мүптілдә ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында күміс медальға ие болды.

Бойжеткен жарысқа ауыр салмақ дәрежесінде, яғни 87 келіде сынға түсті. Аталған салмақта Айзададан бөлек Александра Аборнева мен Любовь Ковальчук қатысты. Қыздар Университетінің студенті серпе көтеруден 109+138 көрсеткішімен өзгелерден оқ бойы озып шықты. Ал, жұлқи көтеруден Александра Аборневаның бағы жанды. Десе де жарыс қорытындысы бойынша А. Аборнева 105+143 көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Екінші орынға Айзада Мүптілдә лайық деп танылса, үшінші орын Любовь Ковальчукқа бұйырды.

Әйелдер арасында турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысы жеңіп алды. Екінші орынға Алматы қаласының құрамасы қол жеткізсе, Түркістан облысы үшінші орынға лайық деп танылды.

– Маған чемпионат ұйымдастырылуы жағынан да, тақтайтұғырдағы бәсекелестігі жағынан да ұнады. Барлық өңірлердің қатыспағаны өкінішті, әрине. Дегенмен, оған қарамастан өзін жақсы жағынан көрсеткен спортшылар көп болды. Елде талантты жастардың өте көп екенін айтқым келеді. Бұл қуанышты жағдай. Жалпы алғанда, турнир жоғары деңгейде өтті, – дейді ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының бас бапкері Юрий Мельников.

Айта кетейік, Айзада Мүптілдә 1998 жылы туылған. Бүгінде Қыздар Университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алады.

BASPASÓZ  JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.