АЛМАТЫ. 14 қыркүйек. Qyzdar_Ýnıversıteti – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гендерлік ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Салимжанова, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сараш Қоңырбаева мен Педагогика және психология факультетінің магистранты Аида Құттыбек Жазғы гендерлік мектепке қатысты.

Фридрих Эберт атындағы қор ұйымдастырған шара тамыз айының 22-25 күндері аралығында өтті.

Жазғы гендерлік мектепті ұйымдастырудағы басты мақсат – түрлі топтардың өкілдерімен гендерлік мәселелерге қатысты сұрақтарды анықтау, талдау және мүмкін шешімдерді іздестіру, Қазақстан, Ресей, Германияның сарапшыларымен, үкіметтік емес ұйымдар және еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерімен, сондай-ақ азаматтық қоғам белсенділермен өзара тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, шара аясында студенттердің ғылыми жұмысын таныстыру және сарапшылардан ұсыныстар қабылдау мен кері байланыс та орнатылды.

Жазғы мектеп барысында «Әлеуметтік желідегі гендерлік контент», «Гендерлік қарым-қатынасты жүйелеудегі мемлекет пен үкіметтік емес ұйымның рөлі» және «Әлеуметтік институттардағы гендерлік режимге талдау. Қазақстандағы отбасы режиміне талдау» тақырыптарында воркшоп жүргізілді.

Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан, Ресей және Германиядағы гендерлік саясаттағы өзекті мәселелерді, жоғары оқу орындарындағы гендерлік пәндерді енгізудегі туындаған жайттарды талқылап, пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, Жазғы гендерлік мектепке қазақстандық жоғары оқу орындарының бакалавриаттың 3-4 курс, магистратура мен докторантурының студенттері де қатыса алады. Үміткерлердің гендер, әйелдердің құқықтары және феминизм тақырыптары бойынша соңғы бір жарым жыл ішінде жазылған ғылыми жұмысы мен мақаласы болуы тиіс.

BASPASÓZ  JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.