АЛМАТЫ. 17 қыркүйек. Qyzdar_Ýnıversıteti – Қыркүйек айының 16-22 күндері аралығында Алматыда Қазақстанның драма театрларының ХХVI республикалық фестивалі өтеді.

Астананың 20 жылдығы мен Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтің 80 жылдығына арналған шараның негізгі мақсаты – бар ғұмырын театр өнеріне арнаған сарабдал өнер қайраткерінің шығармашылығын көпшілікке дәріптеу, соңынан қалдырған мұраларын жаңғырту, мәдениет майталманының есімін ел есінде мәңгі қалдыру.

Сонымен қатар, фестиваль аясында Қазақстандағы театр өнерінің бүгінгі даму бағыттары мен көркемдік келбетін зерделеп, өзара шығармашылық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, театр өнеріндегі сабақтастықты сақтап, жаңашылдық үрдістерді дамыту, дарынды актерлер мен режиссерлерге қолдау көрсету де көзделіп отыр.

Мәдени шарада Б. Вахапзаденің «Көк түріктер», Д. Нигроның «Теория нитки. Звериные истории», Ғ. Мүсіреповтің «Поэма о любви» Қозы-Көрпеш Баян сұлу», қойылымы, Г. Бюхнердің «Войцек», Л. Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна», Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Б. Жандарбековтің «Томирис – царица саксая» және Ф. Дюрренматтаның «Геркулес и Авгиевы конюшни» пьесасы бойынша дайындалған «B.O.Q.» спектакльдері көпшілік назарына ұсынылмақ.

Фестивальге Түркістан облыстық Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры, Байтан Омаровтың «Жас сахна» театры,  Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры, «LABORATORY #316» Тәуелсіз театр труппасы, Азамат Сатыбалдының «28 THEATER» театры, Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры, Астана қаласы Жастар театры және М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры қатысады.

Алты күн бойы Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қойылымдарын М. Әуезов атындағы     Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының, «Жанна» сауда орталығының және «Almaty towers» бизнес орталығының сахналарынан тамашалай алады.

BASPASÓZ  JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.