АЛМАТЫ. 12 қараша. Qyzdar_Ýnıversıteti – 2018 жылғы 5 – 9 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің базасында құрылған Қазақстан жас ғалым-педагогтарының қауымдастығы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына ұсыныстар әзірлеу мақсатында кездесу ұйымдастырды.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 1000-ға жуық студенті оқу орнының алаңдарында бір уақытта таңғы жаттығу жасады.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімдері мен факультеттерінің ақпараттық-имидждік жарияланымдары бойынша қазан айының рейтингісі жасалды.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультеті жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты арттыруда.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаменті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Болашақ мемлекеттік қызметші қандай болу керек?» атты тақырыпта жиын өтті.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының ұйымдастыруымен «75 жыл – 75 кітап» марафоны бастау алды.
– NURSE курсының тыңдаушыларына Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сайра Жиенбаева дәріс оқыды.
– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұйрығымен «5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне берілді.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің студенттері Қазақстанның Қор биржасының (KASE) жобаларына белсенді атсалысуда.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Чехияның Палац университетінің профессоры Дэвид Ливингстоун арнайы іс-сапармен келді.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Польшаның Силез университетімен білім беру, ғылыми байланыстар бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрама командасы волейболдан Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен турнирде екінші орын алды.
BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI
Tel.: 8 (727) 247-00-07
e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com
facebook: qyzdaryniversiteti
vkontakte: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti
youtube: qyzdar уniversiteti
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: