Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің негізгі қызметтері:
– Магистратура және докторантура бөліміне қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
– Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жылдық жоспары мен есебін даярлау;
– Жеке оқу жоспарын құру бойынша құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлерге кеңес беру жұмысын ұйымдастыру;
– Магистратура және докторантура мамандықтарының оқу жұмыс жоспарының ҚР МЖМБС бекіткен стандарт пен типтік оқу бағдарламаларына сәйкестігін қадағалау;
– Магистранттардың қозғалысы туралы бұйрықтарды өз уақытында орындау;
– Кафедралардағы магистратура мамандықтарының диссертация тақырыптары мен ғылыми жетекшілерінің бекітілуін қадағалап және осы университеттің Ғылыми Кеңесіне ұсыну;
– Магистранттар мен докторанттардың сабақ үлгерімін және емтихан тапсыру барысын қадағалау;
– Магистранттар мен докторанттардың кешенді емтихан тапсыру және диссертациялық жұмыстарын қорғау үдерісін ұйымдастыру;
– Магистранттардың және докторанттардың ғылыми тағылымдамаларының орындалуын қадағалау;
– Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімде Университет мұрағатына өткізу.
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: