Мақсатыуниверситетте жастардың қоғамдық қызметін жандандыру, азаматтық қалыптасуын жүзеге асыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының  рухани байлығы мен  интеллектуалдық дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.

МІНДЕТТЕРІ:

  • Жастар ұйымдары мен клубтардың жұмысын үйлестіреді;
  • Университеттің мәдени құндылықтарын дамыту, насихаттау бойынша білім алушылардың мәдениетін қалыптастыруға қатысты жүргізілетін жұмыстардың бағдарламасын дайындайды;
  • Мәдени дәстүрлерге, ұлттық мәдениетке, мемлекеттік рәміздер – Елтаңбаға, Туға, Әнұранға деген құрметті дамытуға ықпал етеді;
  • Тәрбиенің құрылымын жетілдіру мақсатында түрлі тақырыпта кездесулер, семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар ұйымдастырады;
  • Әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстарына қатысты факультеттерде ұйымдастырылатын іс-шаралардың өтуін қадағалайды;
  • Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент директорына тоқсандық, жылдық есеп дайындап, Оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректорға бекіту үшін ұсынады.

                                    

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінде келесідей студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары бар:

  • Жастар ісі жөніндегі комитет;
  • «Қыз Жібек» клубы;
  • «Ұмай ана» клубы;
  • «Жас Отан» жастар қанаты;
  • Студенттер Альянсы;
  • «Парасатты НЛО (Нағыз Лидерлер Одағы)» пікірсайыс клубы;
  • «Жасыл Ел» еңбек жасағы;
  • «Достық» жастар ұйымы;
  • «Ақ қауырсын» жас ақындар клубы;
  • Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша «Серт» полиция көмекшісі студенттік отряды.

 

Ұйымның атауы Мақсаты
1 Жастар ісі жөніндегі комитет Жастар саясатын қолдап, жүзеге асырудың шараларын іріктеу, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын үйлестіру.
2 «Қыз Жібек» клубы Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар,  алған білімін тәжірибе жүзінде ұштастыра білетін, парасатты, салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін, бүгінгі өмірге бейім, шынайы жан-жақты дамыған қыздарды қалыптастыру.
3 «Ұмай Ана» клубы Университет қыздарының отбасы құндылықтары мәдениетін қалыптастыруға және ұлт анасы ретінде қыздарды болашақ өмірге даярлау, үй шаруашылығына қатысты тұрмыстық қажеттілік дағдысын қалыптастыру.
4 «Жас Отан» Жастар қанаты Студент жастар арасында «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру арқылы креативті, көш бастайтын, саяси көзқарасы қалыптасқан жастар ортасын құру.
5 «Студенттер Альянсы» Студент жастардың  интеллектуалды, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асырылуы үшін жағдай жасау.
6 «Парасатты НЛО (Нағыз Лидерлер Одағы)» Пікірсайыс клубы Студенттердің шешендік сөйлеу және көпшілік ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық әлеуметтік мәселелерді жастар ойымен талқыға салып шешу жолдарын қарастыру.
7 «Жасыл Ел» еңбек жасағы Елімізді көгалдандыру  мақсатында студенттердің Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту.
8 «Достық» Жастар ұйымы Студент жастардың этносаралық қарым-қатынасын жақсарту, бірлігі мен достығын нығайту.
9 «Ақ қауырсын» жас ақындар клубы Өлең жазатын ақын қыздардың шығармашылықтарын дамыту.
10 Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша «Серт» полиция көмекшісі студенттік отряды Студенттер арасында ҚР заңнамасын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.