Жалпы ақпарат

Оқу орнының қоғаммен және БАҚ-пен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды дайындауға және университет негізінде әрекет ететін шығармашылық ұжымдардың қызметін үйлестіреді. Сонымен қатар, басқа құрылымдық бөлімдермен бірге оқу орнының қызметі туралы стратегиялық ақпараттық-жарнамалық мәліметтерді әзірлеу мен жекелеген іс-шараларды өткізуге қатысады. Медиа департаменті өз қызметінде университеттің алдағы жылдарға жоспарланған даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жарғыларын басшылыққа алады. Медиа департаментінің мақсаты – университеттің жағымды имиджін және бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру.

 

Медиа департаментінің негізгі міндеттері

– университет имиджін арттыру мақсатында тың идеялар мен бастамалар көтеру және жүзеге асыру;

– университеттің факультеттері мен құрылымдарының БАҚ-пен байланысын үйлестіру;

– журналистермен және редакциялармен іскерлік қарым-қатынас орнату;

– БАҚ арқылы қоғамда Қыздар Университетінде туралы жағымды имидж қалыптастыру;

– университеттің әлеуметтік желілердегі ақпараттық қызметін үйлестіру және жүйелі түрде бақылау;

– университеттің білім беру, ғылыми және мәдени қызметімен байланысты шараларды БАҚ-та жариялауды ұйымдастыру;

– университеттің ресми интернет ресурсының ақпараттық контентін үздксіз жаңарту;

– университет деңгейінде өтетін концерт-театрландырылған іс-шараларды ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жүйесін жасау;

– мәдениет және өнер саласындағы  жоғары білім беру мекемелері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту;

– таяу және алыс шетелдердегі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас жасау бағдарламасын әзірлеу;

– редакциялық-баспа бөлімінің қызметін жоспарлау және үйлестіру.

 

Медиа департаменті университеттің ақпараттық-коммуникациялық және шығармашылық құрылымдарын біріктіреді. Медиа департаменті құрамына келесі бөлімдер кіреді:

– Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі;

– Шығармашылық бөлім;

– Редакциялық-баспа бөлімі.

 

 * * * 

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Жалпы ақпарат

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің құрамына келесі құрылымдар кіреді:

– Баспасөз қызметі;

– «Qyzdar Ýniversiteti» газеті;

– «Қыз-ғұмыр» журналы;

– kazmkpu.kz ресми интернет ресурсы;

– «Qyzdar Ýniversiteti» интернет телеарнасы;

– Фото және бейне студия.

 

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің негізгі міндеттері

1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету:

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету; шараларды республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;

– Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференциялар, брифингтер, сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастыру;

– Спичрайтинг;

– Университеттің жағымды беделін қалыптастыруға бағытталған  PR-кампанияларды әзірлеу және жүзеге асыру;

– Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің мекеме туралы қызметтік сұрақтарына мазмұнды әрі нақты жауап беру;

– Университет басшыларының БАҚ-та сұхбаттары мен авторлық мақалаларын ұйымдастыру;

– Іс-шараларды кәсіби және сапалы фото, бейне түсіріліммен қамтамасыз ету.

2. Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау:

– Университет ректорының  ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;

– Университет ректорының қызметі, оның ішінде ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;

– Бұқаралық ақпараттық құралдарында университет пен ректордың жағымды, оң имиджін жүйелі, үздіксіз түрде қалыптастыру.

3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау:

– Университеттің www.kazmkpu.kz ресми интернет ресурсына танымдық ақпараттарды, жаңалықтарды, хабарландыруды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру, SMM;

 

– Университетте өтетін  іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарын баспасөз хабарламасымен қамтамасыз ету;

– Университет газеті мен журналының шығармашылық жұмысын үйлестіру және уақтылы шығуын қамтамасыз ету;

– Университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жаңалықтарды, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;

– Жалпыуниверситеттік шығармашылық конкурстардың қоғамдық комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыру.

 

* * *

Шығармашылық бөлім

Жалпы ақпарат

Шығармашылық бөлімнің құрамына келесі құрылымдар кіреді:

– «Ұлар» этно-фольклорлық ансамблі;

– «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблі;

– «Томирис» би ансамблі.

 

Шығармашылық бөлімнің негізгі міндеттері

1. Шығармашылық бөлім – Университет имиджі үшін қызмет жасайтын, жоғарғы оқу орындары арасындағы бәсекеге қабілетті жаңа идеялар мен шығармашылық ізденістер орталығы болып табылады. Жоғарғы оқу орнының шығармашылық тұрғыдан қарқынды дамуы және заманауи жоғарғы оқу орындары деңгейіне ие болатын жетекші бағыттарының бірі:

– Шығармашылық ұжымдардың, университеттік іс-шаралардың жұмысын белсенді насихаттайды.

– Университеттік іс-шараларда АКТ залымен, сахналық киімдермен, кәсіби және сапалы музыкалық аппаратурамен қамтамасыз етеді.

2. Шығармашылық ұжымдардың жұмысын насихаттау:

– Университет негізінде әрекет ететін шығармашылық ұжымдар – «Ұлар» этно-фольклорлық ансамблінің, «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің, «Томирис» би ансамблінің, «Тек қана қыздар» КТК командасының қызметтерін университет, қала,  мемлекет деңгейіндегі іс-шараларға ұсыну. Университет деңгейінде өтетін концерт-театрландырылған іс-шараларды ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жүйесін жасау.

– Мәдениет және өнер саласындағы  жоғары білім беру мекемелері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту. Таяу және алыс шетелдердегі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас жасау бағдарламасын әзірлеу.

– Ынтымақтастық туралы келісім бойынша университеттер мен орта арнайы оқу орындарының арасындағы қатынастарды дамыту. Университеттің шығармашылық ұжымдарының шетелдік турларын ұйымдастыру. Университетті жарнамалау мақсатында аймақтық, бүкіләлемдік, халықаралық байқаулар мен фестивальдар, студенттер мен оқытушыларға мастер-кластар ұйымдастыру.

 

* * *

Редакциялық-баспа бөлімі

Жалпы ақпарат

Редакциялық-баспа бөлімі Медиа департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлімнің құрамына келесі құрылымдар кіреді:

– Редакциялық-баспалық қызмет;

– Өндірістік қызмет.

 

Редакциялық-баспа бөлімнің негізгі міндеттері

Баспаның мақсаты – ҚазМемҚызПУ-дың редакциялық-баспа  іс-қимылын қамтамассыз ету, оның тиімділігін, басылатын оқулықтар мен өзгеде жобаларының таратылу ауқымын кеңейте отырып, сапасын арттыру болып табылады. Сондай-ақ, ректордың бекітуімен оқу орнының оқу процесстерін қамтамассыз ететін басылымдарды өзге де полиграфиялық өнімдерді таратуды міндетіне алады.

– Жоспардағы  ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу-әдістемелік, анықтамалықтар, кәсіби даярлық брошюралары мен педагогтар кадрының біліктілігін арттыруға арналған материалдар мен келісім-шарт негізінде  оқулықтар басып шығару;

– Баспаның  инновациялық жобаларын өңдеу мен жүзеге асыру;

– Редакциялық-баспалық  өңдеу, жылдық баспа жоспары бойынша баспалық өнімдерді шығару мен дайындау сонымен қатар жасалған келісім-шарт негізінде басып шығару;

– Басылымды тарату;

– Редакциялық-баспалық процесске жаңа технологиямен құрал-жабдықтарды енгізу;

– Инновациялық баспа жобаларын енгізу мен өңдеу.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.