Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты туралы


 

Біз туралы

      Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты Қазақстандағы әлеуметтік және гендерлік мәселелерді ғылыми тұрғыда талқылауға жағдай туғызып және зерттеулер жүргізу арқылы гендер теориясын дамытумен айналысады. ӘГ ҒЗИ гендерлік тәсілдерді білім беру жүйесіне еңгізуге дайын гендерлік сезімтал және құзіреттілгі жоғары педагогтарды даярлауға ықпал етеді.

     Біз мемлекеттік құрылымдармен, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдары және қорларымен, сонымен қатар гендерлік теңдікті жүзеге асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс жасайды.

 

Құрылу тарихы

      Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Гендерлік ғылыми зерттеулер орталығы 2000 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №913 бұйрығымен Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институты болып қайта құрылды.

 

Миссия

     Барлық әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігін қамтамасыз ету және құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру» атты 5 тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз (БҰҰ Бас Ассамблеясының 70  сессиясы,  2015 ж.).

 

Көрінісі

     Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты еліміздің эгалитарлы саясатын іске асырудағы негізгі орталық.

 

     Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институтының мақсаты – еліміздегі білім жүйесіне гендерлік тәсілдерді ендіруге икемделген педагогикалық мамандарды даярлауға ықпал көрсету.

 

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институтының негізгі міндеттері:

  • Гендерлік мәселелердің теориялық негіздерін зерттеу;
  • Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі ер мен әйелдің шынайы орнын көрсету мақсатындағы ғылыми әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу;
  • Гендерлік тұрғыдан әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша білім беру және ғылыми зерттеулер бағдарламаларын дайындау;
  • Гендерлік мәселелердің ғылыми-теориялық аспектілері бойынша теориялық зерттеулер жүргізу;
  • Еліміздің жоғарғы оқу орындарының білім беру үрдісінде гендерлік пәндерді енгізуге күш салу;
  • Гендерлік зертеулерге қызығушылық танытқан Республикамыздың білім беру мекемелері мен басқа ұйымдардың тапсырыстарын орындау;
  • Әйелді, баланы, отбасын қорғау мен отбасылық демографиялық саясатқа қатысты ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ұсыныстар беру;
  • Сараптамалық және ақпараттық материалдарды, оның ішінде мемлекеттік деңгейдегі баяндамаларды дайындауға қатысу;
  • Әйелдерді кемсітушілік мәселелері бойынша студенттер арасында ақпараттық, білім беру, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және соған сай оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару;
  • Мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыруға ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан ықпалдасу;
  • Гендерлік мәселелерге байланысты халықаралық байланыстарды өркендету;
  • Гендер мәселелері бойынша форумдар, конференциялар, дөңгелек-үстелдер, семинар-тренингтер өткізу;
  • Кеңес беру жұмыстары ұйымдастыру.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.