Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдаудың  қағидалары

Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген, білім беру мекемесіне қабылдаудың Үлгілік ережесіне сәйкес құрылған.
  2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне (бұдан әрі – ҚазМемҚызПУ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қабылдау рәсімі

  1. ҚазМемҚызПУ-не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
  2. ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде:

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл;

әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

  1. ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балды алмаған адамдар ҚазМемҚызПУ-не 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.

1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғаннан кейін тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша аталаған Ереженің 4 тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-дан шығарылады.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша әңгіме-сұхбат нәтижесімен қабылданады.

ҚазМемҚызПУ-не жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, қабылдау комиссиясы әңгіме-сұхбат нәтижесімен қабылданады.

ҚазМемҚызПУ-не жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтарына ақылы негізде қабылдауды ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы шығармашылық емтихан нысанында жүзеге асырады.

  1. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде қабылдауды дербес ҚазМемҚызПУ жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде ҚазМемҚызПУ-не қабылдау Қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын  жүзеге асырылады.

  1. ҚазМемҚызПУ-не түсуші адамдарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

 

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

 

  1. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде «Педагогика ғылымдары» білім беру саласы бойынша оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
  2. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидалардағы қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Арнаулы емтихан өткізілетін ҚазМемҚызПУ-дың білім беру бағдарламалары топтарының тізімі аталған Ереженің 1-қосымшасынды көрсетілген.

Шығармашылық емтихан өткізілетін ҚазМемҚызПУ-дың білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ереженің 2-қосымшасынды көрсетілген.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсырушы адамдар ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясына  келесі құжаттарды:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосуретін;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • ҰБТ сертификатын (бар болса);
  • «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін (бар болса) тапсырады.
  1. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

  1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

  1. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу күнтізбелік жылғы 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына түсуші адамдар ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша ҚазМемҚызПУ-не түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.

 

 

 

Қазақ мемлкеттік қыздар педагогикалық университетіне қабылдау тәртібі

 

  1. Студенттерді ҚазМемҚызПУ-не қабылдау мекеме басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы бойынша Қабылдау комиссиясымен күнтізбелік жылғы 10 – 25 тамыз аралығында өткізіледі.

Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге:

  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
  • 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  • ҰБТ сертификатын;
  • ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамстамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
  • білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді;
  • тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;

4) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек келісімшартын;

5) еңбек келісімшартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәледейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;

6) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.

  1. 15. Осы Үлгілік қағидалардың тармақтарында белгіленген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат қабылдамайды.
  2. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

 

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін

білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

 

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы
Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары
Педагогика және психология
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Кәсіптік білім мұғалімдерін даярлау
Математика мұғалімдерін даярлау
Физика мұғалімдерін даярлау
Информатика мұғалімдерін даярлау
Химия мұғалімдерін даярлау
Биология мұғалімдерін даярлау
География мұғалімдерін даярлау
Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Орыс тілі мен  әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Шетел тілі мұғалімдерін даярлау
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Арнайы педагогика мамандарын даярлау
Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары
Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
Музыка мұғалімдерін даярлау
Бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін даярлау
Тынығу
Хореография