Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін:

  • қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (3 көшірме);
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  • 3х4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет (дискідегі электронды нұсқасымен);
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суретімен);
  • 063 нысанындағы медициналық анықтама көшірмесі;
  • ҰБТ сертификатын;
  • ведомостан үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
  • білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
  • Жеңілдікке құқық беретін құжаттар (бар болған жағдайда).

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;

4) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек келісімшартын;

5) еңбек келісімшартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәледейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;

6) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.