2019-2020 оқу жылының оқуға қабылдау мерзімдері

Қатысушылар категориясы Өтініш қабылдау мерзімі ҰБТ өту мерзімі
1)  қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары; 1 және 15 желтоқсан аралығы 15 және 20 қаңтар аралығы
2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;
3) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.
Қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары; 1 және 15 ақпан аралығы 24 және 29 наурыз аралығы
1) қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері; 1 сәуір және 10 мамыр аралығы 20 маусым және 5 шілде аралығы
2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.
республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар; 10 мамыр және 5 маусым аралығы 20 маусым және 5 шілде аралығы
1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері; 25 шілде және 3 тамыз аралығы 17 және 20 тамыз аралығы
2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.