Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

  1. Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және “магистр” дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
  2. Докторантураға түсуші тұлғалар ҚазМемҚызПУ-не мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

2) білімі туралы құжаттың көшірмесін;

3) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын; *

4) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);

5) 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

6) № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

  1. Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты даярлау аясында тұлғалардың өтініштерін (еркін түрде) қабылдау ҚазМемҚызПУ-де жүргізіледі.

* Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады:

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm – Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 460 балл),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm
(Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм)
Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ),
шекті балл – кемінде 87), (TOEFL (ТОЙФЛ) шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ
Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue
franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),
Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF
(ТСФ) – кемінде 400 балл).

ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.