Факультет тарихы 

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті университет қабырғасы қаланған 1944 жылы құрылды. 70 жылдан аса тарихы бар факультет жоғары білімді ұлттық кадрларды даярлауға зор үлес қосып келеді. Осы тарихи кезең ішінде танымал көрнекті ғалымдар К.Барманқұлов (1944-1946жж; 1947-1951 жж.), Г.Акабова (1946-1947жж.), Х.У.Ишанов (1951ж; 1952-1959жж.), Н.А.Еремина (1952ж), Б.Искаков (1959-1967жж.), Г.Искакова (1967-1968 жж.), З.Ахметов (1969-1975жж.), С.И.Исаев (1975-1987жж.), Қ.Түліков (1987-1988жж.), Х.Садыков (1989-1990жж.) факультет деканы қызметін атқарды.

Факультет 1992 жылы қазақ филологиясы және орыс филологиясы болып екіге бөлінді. Орыс филологиясын К.Ж.Мыңжасарова (1990-1992жж.), Б.Х.Исмағұлова (1994-2000жж.) басқарса, қазақ филологиясына Б.Ш.Абылқасымов (1992–2000жж.), Б.Ө.Сманов (2000-2004жж.), А.Сәтбекова (2004-2008жж., 2010-2014 жж.), Г.Ж.Пірәлиева (2008-2010) жетекшілік етті. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін факультетке ф.ғ.д., профессор А.О.Тымболова басшылық жасайды.

2011 жылдың 14 қазанындағы Университет ректорының №160 бұйрығына сәйкес кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оңтайландыру мақсатында Шетел тілдері факультеті Филология факультетінің құрамына енгізіліп, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті болып аталды.

Факультет тарихының әр кезеңдерінде М.Әуезов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, З.Ахметов, Т.Қордабаев, С.Исаев, Д.Тұрсынов, Ы.Маманов, В. Есеналиева сынды еліміздің көптеген көрнекті ғалымдары, қайраткер азаматтары еңбек етті. Факультет Еңбек Ері Р.Нұртазина, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, профессор Ш.Беркімбаева, Республика Парламентінің депутаттары З.Қадырова мен М.Жүйріктаева сияқты өз түлектерін әрдайым мақтан тұтады.

Сондай-ақ факультеттен елімізге белгілі көптеген ғалымдар шықты. Атап айтсақ, қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар Үшкөлтай Субханбердина, А.С.Ісмақова, Ә.Қ.Бөпежанова, қазақтың белгілі ақын қыздары Ақұштап Бақтыгереева, Әсия Беркенова, қазақ тілінің жанашыры, «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Османова факультеттің  айтулы түлектері.

Факультеттің «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері: ф.ғ.д., профессор Б.Хасанұлы (2006), ф.ғ.д., профессор В.И.Жумагулова (2007), п.ғ.д., профессор Ж.Н.Сүлейменова (2008), ф.ғ.д., профессор Г.Ж.Пірәлиева (2008), п.ғ.д., профессор Т.Н.Ермекова (2008), ф.ғ.д., доцент Р.З. Зайкенова (2009), ф.ғ.д., доцент Р.Г.Сейдахметова (2010 ж.), п.ғ.д., профессор А.А.Сатбекова (2010), ф.ғ.к., доцент Ж.Отарбекова (2010), ф.ғ.к., доцент А.Е.Тажимуратова (2011), ф.ғ.д., профессор С.Б.Ержанова (2012), ф.ғ.д., профессор Қ.Жанұзақова (2015), ф.ғ.к., қауым. проф.м.а. К.Әбдіхалық (2015), ф.ғ.к., қауымд.проф.м.а. С.Оданова (2016), ф.ғ.к. қауымд. проф.м.а. Л.Әділбекова (2016), ф.ғ.д., профессор А.О.Тымболова (2017), ф.ғ.к., қауымд.проф.м.а. Б.Д.Жұмақаева (2017 ).

Факультетте ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы атындағы зертхана және әр жылдары еңбек еткен көрнекті әдебиетші, тілші ғалымдар: З.Ахметов, С.Исаев, Ә.Құрышжанұлы, А.Аблақов, әйгілі ұстаз, Еңбек ері Р. Нұртазина, Ш.Х.Сарыбаев атындағы оқу-әдістемелік кабинеттер, қазақ фольклоры, қазақ әдебиетінің тарихы және әдебиетті оқыту әдістемесі дәрісханалары бар. Екінші шет тілін оқыту аясында қытай тілі, түрік тілі, парсы тілі кабинеттері жабдықталған.

Факультетте студенттердің ғылыми және көркем шығармашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. 2015 жылы өнерге бейім студенттер үшін «Еңлік» театры ашылды. Сондай-ақ талапты студенттерге әдеби, ғылыми-әдістемелік кеңес беруде «Ізденіс», «Інжу маржан», «Назқоңыр», «Үміт», «Иранист» танымдық клубы, «Сөз зергері», «Жас әдіскер», «Мастерская филолога», « English club»  үйірмелері   жұмыс істейді.  

 

 

* * *

Миссиясы  мен стратегиясы

 

Ұтқыр, қазіргі заманғы отандық және халықаралық талаптарға сай бәсекеге қабілетті, толерантты, креативті, педагогикалық ғылым мен тәжірибе саласында құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа ие, өзін-өзі тиімді кәсіби жетілдіруге бейім, өскелең ұрпақтың оқу, тәрбие және дамуына үлес қосуға дайын, жаңашылдық тұрғыдан жан-жақты ойлайтын және патриотизмге тәрбиеленген мамандарды даярлау.

 

 

* * *

Профессор-оқытушылар құрамы

Факультетте білікті ұстаз-ғалымдар, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол 101 профессор-оқытушылар, оның ішінде тәжірибесі  мол 11 – ғылым докторы; 5 – Phd докторы; 27 – ғылым кандидаты, доценттер; 27 – магистр, аға оқытушы; 8 – магистр, оқытушы;  8 – оқытушы қызмет атқарады.

 

 

* * *

Халықаралық байланыс

Қос дипломды білім алу бағдарламасы бойынша факультет студенттерінің Америка Құрама штаттарындағы Миссиссиппи мемлекеттік университетінде (Mississippi Valley State University (MVSU) білім алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, факультет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келесі шетелдік ЖОО-да білім ала алады:

Шыңжаң педагогикалық университеті, ҚХР

Янцзы университеті, ҚХР

Хубей Педагогикалық Институты,ҚХР

Қытай орталық университеті, ҚХР

Силез университеті, Польша

Перпиньян университеті,Франция

Омер Хализ Демир университеті,Түркия

Нийде университеті, Түркия

 

* * *

Факультет төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

 

Бакалавриат:

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті

5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

5В012100 – Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

5В012200 – Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

5В020500 – Филология

5В020700 – Аударма ісі

Магистратура:

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

6М012100 – Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

6M012200 – Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

6М020500 – Филология

Докторантура:

6D020500 – Филология

6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті 

 

 

* * *

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің №1 оқу ғимараты, 208 кабинет.

 

Байланыс телефоны: 87272794202

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.