Кафедра туралы

«Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасы 2006 жылы құрылды.  2015-2016 оқу жылы «Базалық шетел тілі» кафедрасы мен «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасы қосылды. 2016 жылдан бастап «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к. Е.К.Нурланбекова тағайындалды. 

Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы «5B011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі», «5B020700 – Аударма  ісі»  мамандықтары бойынша бакалавр, «6M011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша ғылым магистрін дайындайды. Аталған мамандықтар бойынша қазіргі уақытта 727 бакалавр студенттері және 24 магистрант білім алуда. 

Қазіргі таңда кафедрада – 32 профессор-оқытушы қызмет атқарады, олар: педагогика ғылымдарының кандидаты Е.К.Нурланбекова, Р.Е.Дабылтаева, филология ғылымдарының кандидаты С.А.Аскарова, Ш.Б.Аргингазина, PhD доктор Ш.Акимбекова, магистр-аға оқытушылар Р.А.Амиржанова, К.Ж.Турсынбаева, Н.С.Ашимова, Л.А.Телибаева, К.Н.Абилдаева, М.Д.Айтпаева, Р.Хусаин, Л.А.Булекбаева, С.Қ.Рахимжанова, Д.А.Есиркеева,  А.Е.Бекмуратова, Ж.К.Мирзабаева, А.Б.Нуртаева, Г.И.Саурукова, Э.Н.Жансеркеева, Б.К.Кошкарбаева.  Магистр оқытушылар: Ж.И.Жумахмет, Ж.А.Ибрагимова, А.С.Набидуллин, Б.К.Сансызбаева.

Кафедра оқытушылары оқу және ғылымға қатысты мәселелерді шығармашылық тұрғыда шеше отырып, өзара іскерлік ынтымақтастықпен жұмыс істейді. Тәжірибелі тәлімгер-лекторлардың және ғалымдардың жетекшілігімен әртүрлі бағыттағы оқу-әдістемелік құралдар, мультимедиалық материалдар, сөздіктер мен оқу құралдары жазылуда.

Кафедра оқытушыларының алдына қойған  мақсаты – әрбір  студентке түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Қазіргі біздің міндетіміз оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Оқытушылар   көп тілде білім беруді дамыту  мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді сабақтарында үнемі қолдануда.

 

Миссия мен стратегия

Кафедра миссиясы – шетел тілдерін үйретуде озық жетістіктер мен тәжірибе негізінде кәсіби  құзыретті, бәсекеге қабілетті маман даярлау.

 

Профессор-оқытушылар құрамы

«Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылар құрамы 32 штаттық бірлікті құрайды. Оның ішінде:  4-ғылым кандидаттары, 1-PhD доктор, 2- қауыдастырылған профессор, 1-доцент, 23-магистр, 17- аға оқытушы, 8-оқытушы.

 

Халықаралық байланыс

Кафедра «Гете» институты, Британ кеңесі, Франция елшілігі, Иран елшілігі, «EduStream» халықаралық білім беру орталығы, «Аль-Раминь», «InterPress», «Макмиллан» тіл оқыту орталықтары, Қытай елшілігі, Түрік елшілігімен тығыз байланыс жасап, тәжірибе алмасып, біліктілікті көтеру курстарын ұймдастырып отырады. Соңғы 3 жылда кафедра оқытушылары  шетелдік университеттер: НьюДжерси  университеті (АҚШ), Валенсия политехникалық университеті (Испания),  Хубей университеті (ҚХР),  Пекин педагогикалық университеті (ҚХР),  Стамбул университеті, Кастомон университеті,  Омир Халисдемир университеті (Түркия), Лакноу Университеті (Индия); Норвич тіл білімі институты (Англия), Ньюкастл университеті (Англия),  Стартфорд университетінде (АҚШ) тағылымдамадан және біліктілікті жетілдіру курстарынан өтті. 

Академиялық ұтқырлық бойынша «5B011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі», «5B020700 – Аударма  ісі»  мамандықтарының студенттеріне АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Польша, Франция, Қытай сынды шет мемлекеттерде білім алуға үлкен мүмкіндіктер бар. Қос дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша бірнеше шетелдік оқу орындарымен, соның ішінде Миссиссиппи алқабы мемлекеттік  университеті (АҚШ, Миссисипи) тығыз қарым-қатынас орнатылған.  Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды табысты бітірген студенттер екі диплом алады: біріншісі – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, екіншісі – Миссисипи алқабы мемлекеттік университетінінің дипломдары.

«5B011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының  студенттері  Миссисипи алқабы мемлекеттік  университетінде (АҚШ, Миссиссиппи),  Silesia университетінде (Польша), Янцзы университетінде (ҚХР), Хубей университетінде (ҚХР), Омир Халисдемир университетінде (Түркия),  Перпиньян университетінде  (Франция) академиялық ұтқырлық бойынша білім алады.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.