Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы – факультеттегі университет шаңырақ көтерген жылдан бері қызметін жүргізіп келе жатқан өз тарихы мен қалыптасқан дәстүрі бар кафедралардың бірі. 1944 жылы «Тілдер кафедрасы» құрылды, оның құрамында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі кафедралары жұмыс істеді. 1946 жылдан бастап аталған кафедра негізінде қайтадан орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі кафедрасы бөлініп шықты. 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының алғашқы меңгерушісі тәжірибелі педагог, ғалым Л.А. Федулова болды (1946 жылдан 1960 жылға дейін). Кейін бұл қызметті оның шәкірттері К.Ш.Канафиева, З.А.Ахметов, Х.У.Ишанов атқарды. Факультет аясының кеңеюіне, студенттер контингенті көбеюіне  байланысты жаңа кафедралар қалыптасып, практикалық орыс тілі, орыс және шетел әдебиеті, орыс тілі мен әдебиетінің оқыту әдістемесі, орыс тілінің теориясы кафедралары жұмыс істей бастады.

1963-1997 жылдар аралығында кафедраны Н.Жуанышбеков, Г.Н.Садықов, А.Б.Қошкаров, Д.Тұрсынов, С.Т.Тусеева, Г.И.Маманова секілді белгілі ғалымдар басқарып келді. 1997 жылдан бастап жоғарыда аталған кафедралар орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы болып біріктірілді.

Ұзақ уақыт бойы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасын ЖМ ХҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор В.И.Жұмағұлова басқарды. В.И.Жұмағұлованың басшылығымен 5 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды. 2003 жылдан 2011 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Г.Сейдахметова атқарды. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.К.Базылова.

Кафедра мүшелері орыс тіл білімі, салыстырмалы типология, стилистика, когнитивті лингвистика, әдебиеттану мен социолингвистика саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Бүгінгі күні кафедрада филол.ғ.к., доцент Б.Қ.Базылова, филол.ғ.д., профессор В.И.Жұмағұлова, филол.ғ.д., доцент Р.Г.Сейдахметова, филол.ғ.к., доцент А.Е.Тәжімұратова, филол.ғ.к. Ж.Н.Ергалиева, филол.ғ.к. Г.Б.Шаинова, филол.ғ.к. Б.С.Каримова, филол.ғ.к. Ғ.А.Орынханова, филол.ғ.к. Г.А.Қажығалиева, филол.ғ.к. Ш.А.Тәжібаева, филол.ғ.к. Э.М.Ханкишиева, филол.ғ.к. Қ.З.Жаппар; аға оқытушылар: А.Ғ.Искакова, З.С.Егізбаева, А.А.Задаева, Г.Е.Жандыкеева, Д.А.Сабирова, Г.С.Әбдікерімова; магистр-оқытушылар Ж.Г.Жанасова, Т.Игенбай жемісті еңбек етуде. 

Кафедрада филология ғылымдарының докторы, профессор В.И.Жұмағұлова басшылығымен іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. «Жоғары мектептегі орыс тілі мен әдебиеті бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді оптимизациялау» (2006-2008), «Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы қазақ және орыс тілдерінің лингвомәдиенеттанымдық өзара байланысы» (2006-2008), «Орыс тілі қазақ әдеби тілі ғылымындағы арнаулы терминологияның тасымалдаушысы ретінде» (2009-2011) атты ғылыми жобалар аяқталды. «Филологиялық білім мазмұнын модернизациялаудың ғылыми-әдістемелік негіздері полимәдениетті тұлғаны қалыптастырудың басты шарты ретінде» (2012-2014) атты жаңа жоба бойынша жұмыс басталды. 

Кафедраның оқытушылары филол.ғ.д., профессор В.И.Жұмағұлова, филол. ғ.д., доцент Р.Г.Сейдахметова, филол.ғ.к., доцент А.Е.Тәжімұратова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері болып табылады.

Кафедра шетелдік жоғары оқу орындарымен, атап айтсақ: Ольштындағы (Польша) Вармин-Мазур университетімен, Свечедегі (Польша) шет тілдері жоғары мектебімен, Нева Тіл мен мәдениет институтымен (Санкт-Петербург, Ресей), Нигде университетімен (Түркия), Қытайдағы Сыньзян университетімен байланыс жасайды.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.