Кафедра туралы

2006 жылы заман және педагогикалық талаптарға сай, қазақ филологияcы  және әлем тілдер факультетінде Негізгі базалық және екінші шет тілі кафедрасы құрылды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректорының 24.08.2007 жылығы №109 бұйрығымен  Негізгі базалық және екінші шетел тілдері кафедрасы  2007 жаңа оқу жылында Шетел  тілдері факультетінің құрамына  кірді.

Белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, білім беру  үздігі,  Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Республикалық PhD диссертациялық кеңесінің мүшесі, «Қазақстан мектептеріндегі  шет тілі», «Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі», «Педагогика және өнер» журналдарының бас редакторы Шолпан Борантаевна Байнеш  кафедраның алғашқы басшыларының бірі болған. Сондай-ақ, кафедраны  педагогика ғылымдарының кандидаттары Ешимбетова Забира Бердибековна,  Нурланбекова Ерия Кашкынбековна, PhD доктор Сейдалиева Гулдана Омаровна басқарды.

2011 жылдан бастап кафедра Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің құрамына кірді.  2015 оқу жылында  кафедра «Шетел  тілдері» кафедрасы болып өзгертілді.

Бүгінгі күні педагогика ғылымының кандидаты Озғамбаева Райхан Өмірзақовна кафедра  меңгерушісі   міндетін  атқарады.                           

 

Кафедраның миссиясы мен стратегиясы

Кафедраның  негізгі міндеті – шетел тілдерін оқыту саласында кәсіби және  жоғары деңгейлі білімі бар, құзыретті және бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады.

 

Профессор оқытушылар құрамы

Кафедрада 1 ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор  м.а. Роза Каримовна Садыкова, 2 ғылым кандидаттары Райxан Омирзаковна Озгамбаева және Эльнара Зульпикаровна Дулаева, 1 PhD – Гулдана Омаровна Сейдалиева, 2 аға оқытушы, магистрлер  Гулнар Акан және Назгул Асановна Рыскулова, 2 магистр оқытушылар  Нуржан Кожакельдиулы және Айгерим Бах-Рашидкызы Акажанова, 2 аға оқытушлар Гулбакыт Сабырданкызы және Марат Абдыманиевич Кебекбаев студенттерге білім беруде.

Барлық пәндер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Кафедра оқытушылары іскерлік ынтымақтастық жағдайында жұмыс істейді, білім беру және ғылыми мәселелерді шығармашылық түрде шешеді.

Кафедра ұжымы – инновациялық технологияларды қолдану арқылы негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары ғылыми және педагогикалық әлеуетке ие.

Кафедрадағы тәжірибелі оқытушылардың басшылығымен түрлі мазмұны мен бағыты бар жаңа оқу-әдістемелік оқулықтар , монографиялар, сөздіктер және әртүрлі оқу құралдары жасалуда.

 

Халықаралық қатынастар

Кафедра әлемдік білім беру кеңістігінде тәжірибе алмасу үшін шетелдік жоғары оқу орындарымен, тіл орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан, сондай-ақ Иран, Қытай елшіліктерімен, Германиядағы Гете институты, Британдық Кеңес, «Альянс-Francaise» (Франция) орталығымен жұмыс  жасайды.

Кафедра базасында тілдік орталықтар ашылған: Түркия Елшілігінің  Елшісі Құрбани Сейфидің қатысуымен (№ 307 кабинет «Түрік тілі»). Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі жанындағы мәдениет өкілеттілігінің басшысы Асғар Саберидің қатысуымен «Парсы тілі» мәдени орталығы ашылды. Кафедра оқытушылары Қытай Халық Республикасының Хубэй, Шыңжаң педагогикалық, Орталық Қытай, Перпиньян (Франция), Тегеран университеттерінде   ғылыми тағылымнамадан өтті.

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ПОҚ-ы «5B011900–Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және  мақұлданған тақырыптар жеке жоспарларында көрсетіледі. Кафедраның оқытушылары ғылыми жұмыстарға белсене қатысады және студенттерге көмектеседі. Республикалақ, халықаралық ғылыми-педагогикалық конференцияларға қатысып, мақалалары жарық көруде.

Кафедраның мүшелері ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсене қатысады.  

 

Кафедраның мамандығы

2013 жылдан бастап кафедра екінші шет  тілін ( қытай, парсы, түрік, француз) 5B011900–«Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығы бойынша студенттерді оқыта бастады.

Біздің түлектер ғылым мен білім беру жүйесінде (университеттер, колледждер, мектептер, ғылыми-зерттеу институттары), мемлекеттік қызмет (Сыртқы істер министрлігі, мұрағат ) және әр түрлі профильді фирмалар ,туристік агенттіктерде сұранысқа ие.

 

Біздің мекен-жайымыз:

Алматы қ. Гоголь 114

Қазақ ұлттық   қыздар педагогикалық университетінің корпусы, 104 кабинет.

Телефондар: +7 (727) 2-79-35-00

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.