Тарихы

1944 жылы ұйымдастырылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрамында алғашқы ашылған факультеттердің бірі – жаратылыстану факультеті болды. Іргесі университетпен бірге қаланып, еліміз мектептерін жарты ғасырдан аса жоғары білімді химия, биология және география пәні мұғалімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан іргелі факультет – жаратылыстану-география. Тарихи кезең ішінде факультетке төмендегідей көрнекі ғалым-ұстаздар: Н.Баяндин, Т.Т.Таубаев, C.Д.Дүймағамбетова, К.С.Сахибзадаев, Р.Ғ.Хамитов, Ғ.Б.Бірмағамбетов, М.Ғ.Тартенова, А.Ү.Үмбеталина, Б.Ю.Юсупов, Ж.Ж.Қожантаева, Б.М.Бутин басшылық жасаған. Қазіргі уақытта факультетті химия ғылымдарының кандидаты К.О. Кишибаев басқаруда. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Н.Досжанов, елімізге және басқа да шет елдерге белгілі ғалымдар ҚР ҰҒА академигі Л.К. Клышев, академик М.К. Гильманов, биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Қожантаевалар факультеттің аса көрнекті ұстаздары. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы студенттер контингентінің күрт қысқарған экономикалық қиыншылық кезінде физика-математика факультетімен біріксе, 2006 жылдың тамыз айының 2-ші жұлдызындағы №100 бұйрықпен жаратылыстану факультеті «Жаратылыстану-география» факультеті болып ашылды. 2011 жылы қазанның 5 жұлдызындағы №154 бұйрығымен «Жаратылыстану-география» факультеті «Жаратылыстану» болып өзгертілді. Алғашында факультет құрамында химия және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, биология және география кафедралары болды. Студенттер контингентінің артуына байланысты 2007 жылы биология кафедрасының құрамынан экология кафедрасы жеке бөлініп шықты.

География және туризм кафедрасын алғашқы күннен бастап-ақ есімдері елге белгілі көрнекті ғалымдар басқарды. Тарих қойнауына көз жіберсек, кафедраға әр жылдары төмендегідей ардақты азаматтар басшылық етіпті: доцент Н.Баяндин (1945-1954 жж.), доцент А.Г.Поползин (1955-1960 жж.), доцент Ғ.Бірмағамбетов (1960-1961 жж., 1968-1979 жж., 1997-1999 жж.), доцент Р.Машанова (1961-1968 жж.), доцент К.А.Ахметов (1979-1984 жж.), доцент К.Б.Ахмедова (1984-1989 жж) доцент Н.Н.Карменова (1990-1997 жж.), доцент Р.Қ. Жексембиев (1999-2003 жж.), п.ғ.к., доцент Қасенов С.Қ. (2003-2008 жж.), п.ғ.к. Д.И.Үркінбаева (2008-2012 жж.). 2012 жылдан п.ғ.к., доцент К.Н. Мамирова жетекшілік етуде.

Биология кафедрасына жетекшілік еткендер: доцент Т.Т.Таубаев (1960-1963 жж., ботаника), доцент М.А.Тартенова (1963-1965 жж. ботаника), доцент О.Қ.Қисықов (1965-1974 жж., ботаника), доцент Р.А.Хамитов (1974-1984 жж., ботаника), доцент Ж.Ж.Қожантаева (1984-1989 жж., ботаника), доцент Ж.С.Сағындықов (1989-1996 жж., ботаника), доцент Т.Н.Досжанов (1960-1967 жж., зоология), биология ғылымдарының докторы, профессор, доцент Ф.Ғ.Ысмағұлова (1968-1980 жж., (зоология), доцент У.С.Қуандықова (1980-1987 жж., зоология), доцент Б. Н. Нәрібаев (1987-1992 жж., зоология), доцент А.С.Сартаев (1992-1996 жж., биология-экология) профессор Ж.Қ. Бейсембаев (1997-1998 жж., биология-экология), б.ғ.к., доцент Р.Қ.Жексембиев (1998-2017 жж.). 2017 жылдан бастап б.ғ.к. Л.Е. Ануарова жетекшілік етуде.

Химия кафедрасын білікті ғалымдар: доцент А.Ж. Жақыпова (1964-1974жж.), доцент Қ.Н.Қамбаров (1974-1984 жж.), доцент А.Б.Юсупова (1984-1989 жж.), доцент С.С.Қожабеков (1989-1995 жж.), доцент П.Р.Есжанова (1995-1999 жж.), доцент Р.Қ.Жексембиев (1999-2003 жж.), профессор С.Ж. Жайлау (2003-2007 жж.), х.ғ.д., доцент М.М.Матаев (2007-2013 жж.). 2013 жылдан бастап х.ғ.к. Н.О. Мырзахметова басқарып келеді.

Химия кафедрасында әр жылдары білікті ұстаздар қызмет атқарған Ш. Б. Баталова, С. Дүймағамбетова, Т. Таубаев, Ф.Б.Бижанов, А. Мырзабаев, Қ.З.Бейсеков, Д. Манатауов, М.З.Камалов, М.А. Абишев, К. Қ. Жетпісбаева, Д. М. Джүсүбалиева, Ж.Ж. Баярстанова, Д. Н Жапарова.


 

* * *

Миссия мен стратегия

Факультет миссиясы – еліміздің мәдени және білім беру жүйесінің жоғары мәртебесін қамтамасыз етуге үлес қоса алатын, әлем кеңістігінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылыми, педагогикалық кадрлар мен құзыретті мамандарды даярлау.


 

* * *

Профессор-оқытушылар құрамы

Факультетте химия, биология, география ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол 92 профессор-оқытушылар, оның ішінде 9 – ғылым докторы, 33 – ғылым кандидаты, доценттер, 4 – Phd докторы, 24 – аға оқытушы, 22 – оқытушылар қызмет атқарады.


* * *

Халықаралық байланыс

Қос дипломдық білім алу – (АҚШ) Миссиссиппи мемлекеттік Валлей университеті, (АҚШ) Вирджиния техникалық институты және мемлекеттік университеті (Verginia polytechnic institute and state university), Монтано штаты. Филлипин (Халықаралық ғылыми күріш зерттеу институты), Манила қаласы; В.И. Ульянов – Ленин атындағы Қазан мемлекеттік университеті; Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетикалық институты. Ресей ғылым академиясы – Москва; Түркия – Анталия қаласындағы Акдениз Университеті.


* * *

Факультет төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

Бакалавриат:

5В011300- Биология

5В060700-Биология

5В060800-Экология

5В011600-География

5В060900-География

5В090200-Туризм

5В011200-Химия

5В060600-Химия

 

Магистратура:

6М011300-Биология

6М060900-География

6М011200-Химия

6М060600-Химия

PhD Докторантура:

6D011300-Биология

6D060600-Химия

 

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты, 310 кабинет.

Байланыс телефоны: 87272370027

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.