Кафедра туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы №195 қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі» ережесінің 4 бабына сәйкес, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының 24.08.2007ж. №109 бұйрығы негізінде Жаратылыстану-география факультетінің құрамындағы биология кафедрасы жанынан «Экология кафедрасы» бөлінді. Экология кафедрасы 2007-2008 оқу жылында өз жұмысын 1 қыркүйектен бастады. Кафедраны құрылған жылдан бері Нұрсын Алиқызы Мухамединова басқарып, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру бағытында аянбай еңбек етіп келеді.
Оқу практикасы Университетіміздің арнайы Агробиостанциясында, мамандануға арналған өндірістік практика Балқаш – Алакөл департаментінде, педагогикалық практикалар жаңа технология бойынша өңделген №104, 176 қала мектептерінде сондай-ақ, Алматы медициналық колледжінде өткізіледі.
5В060800-Экология мамандығы бойынша барлық пәндер арнайы жабдықталған 2 оқу-зертханалық, 3 арнаулы аудиторияларда жүргізіледі. Студенттердің толыққанды және арнайы білім алуы үшін аудиториялар заманауи компьютерлік құралдар мен интерактивті тақталармен жабдықталған.
Бүгінгі таңда Экология кафедрасында 5В060800-экология мамандықтары бойынша жоғары дәрежелі биология мен экология пәндері мұғалімдерін және эколог мамандарын даярлап шығарады. Бакалавриатта мамандарды дайындау қазақ және орыс тілдерінде іске асырылады және 2013 – 2014 оқу жылдарынан бастап арнайы курсты аағылшын тілінде де жүргізу бастау алып отыр.
Экология кафедрасында студенттерге сапалы білім беру жолында биология және техника ғылымдарының докторлары, профессорлар, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, экология және биология доценттері, биология және география магистрлері, аға оқытушылар қызмет етуде. Кафедраның ПОҚ мен студенттері шетелдік, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға белсене қатысуда.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.