КАФЕДРА ТУРАЛЫ

Жоғары білімді мамандарды даярлау деңгейін көтеру мақсатында 1959 жылы 4-қыркүйекте жаңадан биология кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып ұйымдастырылды.

1960 жылдың 29-тамызындағы №645 институтының бұйрығымен биология кафедрасы жеке   ботаника және зоология кафедрасына бөлінді.

1960-1963 жылдары ботаника кафедрасының меңгерушісі болып б.ғ.к., доцент Т.Т. Таубаев жұмыс жасады.

1963-1965 жылдары Т.Т. Таубаевтың оқу ісі жөніндегі проректоры қызметіне ауысуына байланысты ботаника кафедрасының меңгерушісі міндетін б.ғ.к., доцент М.А. Тартенова атқарды.

1965-1974 жылдары б..ғ.к., доцент О.Қ. Қисықов ботаника кафедрасын басқарды.

1974-1984 жылдары ботаника кафедрасы меңгерушісі қызметін б.ғ.к., доцент Р.А. Хамитова атқарды.

1984-1989 жылдары б.ғ.к., доцент Ж.Ж. Қожантаева ботаника кафедрасы меңгерушісі.

1989-1996 жылдары кафедра меңгерушісі болып Ж.С. Сағындықов қызмет атқарды.

Зоология кафедрасының ең алғашқы меңгерушісі болып зоолог ғалым Досжанов Тұрғанбай Нұрланұлы зоология кафедрасын 1960-1967 жылдар аралығында басқарды. Қазіргі кезде Т.Н. Досжанов Қазақстан республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор.

1968-1980 жылдар аралығында зоология кафедрасына республикамызға белгілі ғалым Ысмағұлова Фарида Әбдрахманқызы меңгеруші қызметін атқарды.

1980-1987 жылдан бастап зоология кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., доцент Қуандықова Урзада Султановна атқарды.

1987 -1992 жылдары зоология кафедрасын б.ғ.к., доцент Нәрібаев Бекжасар Нәрібайұлы басқарды.

1992-1996 жылдар аралығында зоология кафедрасын, соңынан 1996-1997 жылдары екі кафедра бірігіп, биология-экология аталып, кафедраның меңгерушісі қызметін б.ғ.к., доцент Сартаев Алтынбек басқарды.

1997-1998 жылдары биология-экология  кафедрасының меңгерушісін профессор Ж. Қ. Бейсембаев басқарды. 

1998 жылдан бастап кафедралардың бірігуіне байланысты 4 кафедра (зоология, ботаника, химия және география) бірігіп, бір кафедра болды. Біріккен жаңа кафедраның меңгерушісі болып биология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Жексембиев Рысмаханбет Қоңырұлы басқарды. 2003-2004 оқу жылынан кафедралардың бөлінуіне сәйкес география және химия кафедралары өз алдына жеке кафедра болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Биология кафедрасының меңгерушісі болып биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ляйля Ермекханқызы Ануарова тағайындалды.

Кафедрада тәжірибелі оқытушылар 5 ғылым докторы-профессорлар, 17 доценттер, ғылым кандидаттары, 1 PhD қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы,  14 магистрант аға оқытушы, 9 магистр оқытушылар қызмет атқарады. Соңғы жылдары кафедрада тәжірибелері мол, білікті, ғылыми дәрежелі, өз салаларын жақсы меңгерген мамандар б.ғ.д., профессорлар: Қожантаева Ж.Ж., Дюскалиева Г.О., Жайлыбай К.Н., Мусина А.С., Мауи А.А., доцент, ғылым кандидаттары: Есмағұл Қ.Е., Сартаев А.С., б.ғ.к., Жексембиев Р.Қ., Сауранбаев Б.Н., Оразбаев Қ., Байбекова Т.К., Медеуова Ғ.Ж.; сонымен қатар жас ғалымдар,  ғылым кандидаттары: Ануарова Л.Е., Кіршібаев Е.А., Парманбекова М.Х., Ерназарова Г.И., Сартаева А.А., Айтжанова М.О., Иманова Э.М.; доцент Абишева Т.Ө. PhD доктор Калиева А.Н. және магистр аға оқытушылар мен оқытушылар мамандық студенттеріне өз білімдерін беруде.

Кафедрада  оқу зертханалары, арнайы пән дәрісханалары қазіргі заман талабына сай оқыту құрал-жабдықтарымен жабдықталған. 2015 жылы Химия кафедрасымен бірлесе отырып «Кешенді химия-биология зертханасы» ашылды. Оқу-дала практикалары Қарасай ауданындағы Агробиостанция мен Қапшағай су қоймасы маңындағы оқу базасында өтіледі.

Кафедра мамандықтары бойынша

  • 5В011300 -Биология – (бакалавриат),
  • 5В060700- Биология – (бакалавриат),
  • 5В060800- Экология– (бакалавриат),
  • 6М011300-Биология- (магистратура),
  • 6D011300- Биология- (РhD) – (докторантура) білікті маман дайындайды.

 

Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу бағытында биология кафедрасының істелініп жатқан іс-шаралары осы талапқа сай жүргізілуде. Өйткені биология кафедрасында республикамызға танымал мектеп оқулықтарын, оқу-әдістемелік құралдарын, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, оқу құралдарын жазған ғалым ұстаздар қызмет атқарып жүр.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.