География және туризм кафедрасы – білім мен құзыреттілік ордасы 

География және туризм кафедрасы 70 жылдан астам тарихы бар,  университеттің жетекші кафедраларының бірі.  Өткен тарихи кезең ішінде кафедра республика мектептері үшін мыңдаған  география пәнінің мұғалімдерін дайындап шығарды. Бүгінде кафедра түлектерін кең байтақ республикамыздың әр шалғайынан кездестіруге болады. Сонымен қатар, кафедрадан білім алған түлектер қазіргі уақытта  көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Туркия, Түрікменстан, Қытай мен Моңғолияда табысты еңбек етуде.         

Кафедраны алғашқы құрылған күнінен бастап-ақ есімдері елге белгілі көрнекті ғалымдар басқарды. Тарих қойнауына көз жіберсек кафедраға әр жылдары мынадай ардақты азаматтар ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Баяндин, география ғылымдарының кандидаты, профессор Г.Қоңқашбаев,  география ғылымдарының кандидаты, профессор А.Г.Поползин, география ғылымдарының кандидаты, профессор Ә.Б. Бірмағамбетов, геология/минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Машанова, география ғылымдарының кандидаты, доцент К.Б. Ахмедова, география ғылымдарының кандидаты  Н.Н.Карменова және т.б. басшылық етті. Ал қазіргі таңда кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы К.Н.Мамирова басшылық жасауда.

Бүгінгі таңда  география және туризм  кафедрасы  5В011600-География, 5В060900- География (ғылыми бағыт) мамандықтары бойынша жоғары дәрежелі география мұғалімдерін және географ мамандарын, 5В090200-Туризм – аталған саласы бойынша менеджерлер  даярлап шығаруда. Сонымен қатар кафедра 6М060900-География мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрлерін дайындайды.  Бакалавриат пен магистратурада мамандарды дайындау қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Кафедраның  профессор-оқытушылар құрамы Қазақстанда географиялық білімнің дамуына үлкен үлес қосты. Атақты ғалым-географ, профессор А.Б. Бірмағамбетов ұзақ жылдар бойы  жаратылыстану-география факультетін және география кафедрасын басқарды. Ол ҚазССР көп томдық энциклопедиясының және Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясының («География» бөлімі)  тұрақты авторы.  Профессор А.Бірмағамбетов пен профессор К.Н. Мамированың «Физикалық география» мектеп оқулығы тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар шетелде де танымал. Қазіргі уақытта, «Физикалық география» оқулығы  (6-сыныпқа арналған) қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде 4 рет басылып шықты  және республиканың барлық мектептерінде тұрақты қолданылады. Г.ғ.к., профессор Н.Н. Карменова қазіргі уақытта қолданылып жүрген «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығының авторларының бірі болып табылады.

Студенттердің педагогикалық практикасы Алматы қаласының №141, №167, №,95 орта мектептерде және  Республикалық спорт колледжінде өткізіледі. Кафедраның заманауи талаптармен жабдықталған 7 дәрісхананы бар.              

Оқу-далалық және өндірістік практикалар География және Топырақтану ғылыми-зерттеу институттарында және , АлматыГидроМет орталығында өткізіледі.

Кафедраның аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес 5В011600-География және 5В060900-География мамандығының студенттері Нийде университетінде (Туркия) білім алуда.  Ал, Қазақстан аумағында академиялық ұтқырлық – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттерінде іске асырылуда.

География және туризм кафедрасы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен, А.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетімен, Қазан федералды университетімен және Нийде университетімен ынтымақтастық  келісім ді Меморандум негізінде орнатқан.

География және туризм кафедрасында академиялық ұтқырлық аясында шетелдік ғалымдар дәріс оқиды, мысалы, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  доценті, г.ғ.к. Даньшин А.И.,  Суэц каналы университетінің оқытушысы, PhD Мустафа Селми.

 

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  доценті, г.ғ.к. Даньшин А.И. «Проблемы экономической и социальной географии» тақырыбында дәріс оқу үстінде.

   

Суэц каналы университетінің оқытушысы, PhD Мустафа Селми «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәнінен дәріс оқып және кафедраның әдістемелік семинарына қатысу үстінде.

 

География және туризм кафедрасы студенттерінің жетістіктері Республикалық пәндік олимпиадалармен және Республикалық студенттер ғылыми-зерттеу жобаларымен байланысты. Мысалы, студент Кайрова А. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011600-География мамандығы бойынша VIII Республикалық пәндік олимпиадасында I-орынға ие болды (жетекші – К.Н.Мамирова). М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде 5В011600–География мамандығы бойынша ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада  Мусахан Р., Жапекова А. Командалық есепте  I-орын алды (жетекші – К.Н.Мамирова).

   

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орындары студенттерінің X Республикалық пәндік олимпиадасында Туркеева А.С., Тыныштыбаева Қ.Қ.,Тұрсынғали Т.Қ. III-дәрежелі дипломға ие болды(жетекші-К.Н.Мамирова).

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.