КАФЕДРА ТУРАЛЫ

Институт 1956-1957 оқу жылында химия мамандығы бойынша студенттер қабылдап, 1959-1960 оқу жылынан бастап биология, география кафедраларымен бірге, б.ғ.к., доцент Түркіменбай Таубаевтың басшылығымен химия кафедрасы жұмыс істей бастады. 1961 жылдың 14 сәуірдің №136 бұйрығымен химия кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып ұйымдастырылды және оның ашылуына ҚР ҰҒА академигі Шарбан Батталова, доцент Сәнду Дұймағамбетова және институт басшылығы атсалысқан.

 Химия кафедрасын басқарған азаматтар:

  1. Жақыпова Аргуня Жақыпқызы (1920-1997) 1964-1974 жылдарында
  2. Қамбаров Қайсар Нығметұлы (1935-1996) 1974-1984 жылдарында
  3. Юсупова Ардақ Бейсенқұловна 1984-1989 жылдарында
  4. Қожабеков Серік Самсалиевич 1989-1995 жылдарында
  5. Есжанова Патшайым Рустембековна 1995-1999 жылдарында
  6. Жексембиев Рысман Қоңырұлы 1999-2003 жылдарында
  7. Институт ректорының 25.08.2003 жылғы №182 бұйрығы бойынша Жайлау. Сандыбай Жайлауұлы басшылығымен «Химия және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» атаулы жеке кафедра болып ұйымдастырылды.
  1. 2007 -2013 жылдары, Химия кафедрасын х.ғ.д., профессор М.М.Матаев басқарды.
  2. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап х.ғ.к., доцент м.а. Мырзахметова Нурбала Оразымбекқызы басқаруда. Химия кафедрасында 3 ғылым докторы, 3 PhD докторлар, 9 ғылым кандидаттары, 4 магистрлер қызмет атқаруда.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.