Факультетінің миссиясыелдің адами капиталы дамуына кәсіби табыс әкелетін жоғары білікті педагог  мамандар дайындау.

 

Бағдарығылыми, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық міндеттерді жүзеге асыратын, елдің  дамушы әлеуметтік-инновациялық қажеттіліктерін қанағаттандырушы кадрларды дайындайтын факультет ретінде Қазақстанның білім беру бағдарламасында өз  бағдарын нығайту;

  

Қымбатты достар, біз сіздерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық унивеситетнің  Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз!

Біздің факультет университет қабырғасы қаланған 1944 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Оның 70 жылдан астам  тарихы бар.

Бүгінде факультет экономика, тарих, құқық, әлеуметтік және кәсіптік салаларға арналған жоғары білікті кадрлар дайындайтын қара шаңыраққа айналып отыр.

Алғашқыда іргетасы Тарих факультеті болып қаланған факультетте әр жылдары Қазақстан ғылымының шоқ жұлдыздары академиктер Ә.Х.Марғұлан, А.Жұбанов, Т.Шойынбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері А.Х.Беков,  А. Лекеров, А.Жаманқұлова, К. Оспанов еңбек еткен.

Факультет құрамында қазіргі таңда  Тарих, Қазақстан тарихы, Кәсіптік білім, Қоғамдық-гуманитарлық  пәндер, Экономика және бизнес, Құқық және басқару негіздері сияқты кафедралар  жұмыс атқарады.

Факультетте бакалавриат мамандықтары бойынша:

-5В011400 – Тарих

-5В020300-Тарих (ғылыми бағыт)

-5В050600-Экономика

-5В050800-Есеп және аудит

-5В011500 – Құқық және экономика негіздері

-5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

-5В050100-Әлеуметтану

-5В090500- Әлеуметтік жұмыс,

-5В012000-Кәсіптік оқыту

-5В010700-Бейнелеу өнері және сызу

Магистратура

-6М020300- Тарих (ғылыми бағыт)

-6М050100- Әлеуметтану

-6М090500- Әлеуметтік жұмыс

-6М012000- Кәсіптік оқыту

мамандықтары бойынша жоғары білімді, кәсіби мамандар даярлайды.

Қазіргі таңда факультеттің профессор-оқытушылар құрамы шамамен 100 адамды құрайды, олардың ішінде, 8 ғылым докторы мен профессоры, 38 ғылым кандитаты мен доценті, 4  PhD докторы бар.

Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде “ЖОО Үздік оқытушысы” мемлекеттік білім грантының иегерлері: Аширбекова Ж.Б., Заманбеков Ш.З., Қожакеева Л.Т., Дарменова Р.А , Қырықбаева С., Рахметова Н.Б. жұмыс жасайды.

Факультетке қарасты барлық мамандықтар институционалды және мамандырылған аккредиттеуден өткен. Сонымен қатар, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) 2016 жылы жүргізген Мамандар дайындау бағыттары және деңгейлері бойынша ҚР ЖОО арасындағы Тәуелсіз рейтинг қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Университет АҚШ (Миссисипи университеті), Туркия, (Өмер Халесдемир), Өзбекстан (Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университеті)  секілді мемлекеттермен келісімшарттар жасасқан, соған орай факультеттен әр жылдары оқытушылар мен студенттер осы шет елдік ЖОО-да  қос диплом, академиялық ұтқырлық бағдарламасы және   ғылыми тағылымдамалардан өтіп тұрады.


 

 * * *

Марапаттаулар  

А. Т. Қаипбаева т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Кафедраның доценті, т.ғ.к. С.М. Туменова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстар үшін, «Ы.Алтынсарин белгісімен» марапатталды.

т.ғ.к. доцент Берлібаев Е.Т. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулықтардың және оқу әдістемелік кешендердің сараптама сынақ нәтижелерін қарастыру жөніндегі Пәндік комиссия жұмысындағы кәсіби біліктілігі мен жоғары жауапкершілігі үшін» Алғыс хатымен марапатталды.

Кафедраның профессоры, т.ғ.к. Г.А. Сармурзина Еуропалық ғылыми-өндірістік палатаның алтын медалі және DIPLOMA DI MERITO сапалы білім беру және тарихи ғылымға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Кафедраның аға оқытушысы Т.Т. Тленова Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» редакциясы жанынан арнайы құрылған комиссиясының 2015 жылы 5 желтоқсан  № 07 шешіміне сәйкес «Білім шыңы» төсбелгісімен және «ХХ ғасыр педагогы» атты халықаралық байқауда III- дәрежелі дипломмен марапатталды.

  

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.