Кафедра туралы ақпарат


Экономика және бизнес кафедрасы 2001 жылы құрылған және Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің құрамындағы кафедраларының бірі болып саналады. Кафедра оқу үрдісі ең үздік классикалық дәстүрлерге сүйене отырып, заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Қазіргі таңда кафедрада 3 профессор мен ғылым докторлары, 6 доцент пен ғылым кандидаттары, 3 аға оқытушы мен 3 оқытушы сабақ береді. Кафедра мамандары жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарынан білім алған және компьютерлік технологияны қолданып экономика, есеп және аудит, туризм мамандықтары пәндерін оқытуға байланысты оқу-әдістемелік жұмыстарын үнемі басылымға шығарып отырады. Жоғары мамандандырылған кафедра ұжымы  студенттердің терең білім алуына жағдай жасайды.

Университетте кафедра мамандықтары бойынша  ЛАМС (LAMS)  Ұлыбритания және Миссисипи университеттерімен қос диплом бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.