Кафедра туралы ақпарат


Кафедра тарихы

1944 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институты құрылған кездегі алғашқы кафедралардың бірі болып негізі қаланған осы қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы болатын. Алғашқы атауы 1945 жылы Марксизм-ленинизм кафедрасы деп аталған, қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты кафедраның аты бірнеше рет өзгертілген. 1962 жылы КСРО тарихы кафедрасы деп аталса 1970 жылдары  маркстік-лениндік философия кафедрасы деп аталған. 1970-1976 жылдары ф.ғ.к. доцент А.И.Искаков басқарған, 1977-1981 жылдары ф.ғ.д. доцент С.Д.Таңқаев басқарған, 1986-1992 жылдар аралығында философия және экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. доцент Т.М. Мұсағалиев басқарған. 1992-1995 жылдар аралығында ф.ғ.д.Қ.Ж.Рахметов басшылық жасаған.

2000 жылы ҰҒА-ның академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор белгілі ғалым Ә.Н.Нысанбаев шақырылды,2000-2003 жылдары философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Қазіргі уақыт талабына сай «Әлеуметтік философия», «Саясаттану», «Саяси философия», «Мәдениеттану философиясы», «Әлеуметтану», «Гендер», «Саясаттану», «Іскерлік қарым-қатынас этикеті», «Философия», «Саяси психология», «Әлеуметтік жұмыс» пәндері оқытылды. Кафедрада 2002 жылдан бастап магистратура бөлімі ашылып, «6М090500- Әлеуметтік жұмыс», «6М050100 -Әлеуметтану» мамандықтары бойынша магистранттар дайындап шығарылуда. Қазіргі уақытқа дейін аталған мамандықтар бойынша  бакалавр және магистранттар ғылыми-педагогикалық және кәсіби бағыт бойынша даярланады.

2004-2005 жылдары филос.ғ.к., доцент Найзағараева Е.К.философия және саясаттану кафедрасын басқарады.

2005 жылдың қараша айынан бастап кафедра атауы «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы болып өзгертілді,2005-2009 жылдары аралығында философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ. Сейтахметов басқарды, ал 2009- 2013 жылдары саяси ғылымдарының кандидаты Э.А.Тугановабасшылық жасап, 2011 жылы кафедра атауы «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып өзгертілді.Кафедраға 2013 жылдың оқу жылынан бастап саяси.ғ.д., доцент Б.И. Иманбекова жетекшілік етуде.

Қазіргі кезеңде кафедрада: 5 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 8 ғылым магистрі және 2 PhD доктаранттары қызмет атқарады. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы бүгінгі заман талабына сай кәсіби шеберлігі жоғары деңгейдегі педагог-кадрларды дайындау мақсатында жемісті еңбек етуде. Кафедраның оқытушы құрамы білім саласында, оның ішінде ЖОО-да көп жылдар еңбек еткен тәжірибелі педагог мамандардан құралған. Атап айтсақ, пед.ғ.к. Д.Ж.Нөкетаева, филос.ғ.д., доцент С.И.Оспанов, саяси.ғ.д., доцент Б.И.Иманбекова, соц.ғ.д., профессор Т.Ж.Қалдыбаева, Соц.ғ.д., профессор Г.О.Абдикерова, филос.ғ.д., Б.М.Аташ, филос.ғ.к., доцент  К.Толысбай, саяси.ғ.к., доцент М.Д.Дакенов, соц.ғ.к., доцент К.Ж.Жайшибекова, ф.ғ.к., доцент И.А.Соловьева, саяси.ғ.к., доцент Н.Н.Әшкеева, соц.ғ.к., А.А.Қалиева, саяси.ғ.к., аға оқытушы Ж.Ғ.Сәрсенбаева, Филос.ғ.к., аға оқытушы К.Ш.Нурмухаметова. Аға оқытушылар: Р.С.Саурбаева, Ә.Б.Сәрсенова, Қ.Т.Туғанбаев, Б.Т.Қырықпаева. Оқытушылар: С.Ж.Иманбаева, Р.С.Саутбаева, С.М.Туленова, Н.Қ.Қайдаулова, Г.Т.Отыншиева, А.И.Мамунова.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.