Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

«Тарих» кафедрасы туралы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі «Тарих» кафедрасы университеттің іргетасы қаланғаннан бері жұмыс істейді. Ал 2001 жылы 18 қыркүйектен бастап «Тарих» кафедрасы болып аталады. Тарих кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор м.а., Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, «Үздік оқытушы» грантының иегері Қожакеева Ляззат Темірбекқызы.

«Тарих» кафедрасындағы мамандықтар білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. 2018-2019 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамының штат саны – 17 адамды құрап, оның ішінде ғылыми дәрежесі мен атағы барлар саны– 11 (64,7%).  Кафедрада тарих ғылымдарының докторы –  2, тарих ғылымдарының кандидаты – 9, PhD докторы – 1, ғылым магистрлері – 5 қызмет атқарады. Ғылым дәрежесі мен атағы бар ПОҚ-ның орта жасы – 42 жас.

Қазіргі уақытта Тарих кафедрасының ғылыми-оқытушылық құрамы 17 адамнан тұрады. Олар – т.ғ.д., профессор м.а., Л.Т. Қожакеева, т.ғ.д., профессор А.Ш.Алтаев, т.ғ.к., доцент Ж.Б. Аширбекова, т.ғ.к., доцент Р.Т. Айтбай, доцент Р.Т. Құсаинова, т.ғ.к., доцент А.М. Сманова, т.ғ.к., доцент Қ.Қ. Жылқышыбаева., т.ғ.к., доцент Д.С. Бурханова, т.ғ.к., аға оқытушы Ж.К. Ахметова., т.ғ.к., аға оқытушы Б.Т. Жұбанышов., т.ғ.к., аға оқытушы Б.М. Тақабаева.,  PhD доктор, аға оқытушы А.М. Әбікей.,  аға оқытушы Л.А. Бисембаева., аға оқытушы Г.О. Чаргынова, аға оқытушы М.А. Қасымбекова., аға оқытушы Г.Е. Бакаева, оқытушы М.И. Амандосова.

 

Кафедрадағы білім беру бағдарламалары

 «5В011400-Тарих»  –  академиялық дәрежесі – тарих бакалавры, біліктілігі – тарих пәнінің мұғалімі.

  Тарих бакалавры алған біліміне сәйкес мынадай қызметтер атқара алады:

– мектеп, лицей, гимназия және колледждерде тарих пәнінің мұғалімі;

– кафедра әдіскері;

– мұрағаттанушы;

– ғылыми қызметкер;

– мемлекеттік қызметкер және т.б. қызметтерді атқарушы.

«5В020300-Тарих» – академиялық дәрежесі – тарих бакалавры,   біліктілігі –тарих пәнінін оқытушысы.

 «6М020300-Тарих» – тарих ғылымдарының магистрі

Бітірушілер мынандай кәсіби қызметтер атқара алады:

– мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б. оқу орындарында тарих пәнінің оқытушысы;

– ғылыми-зерттеу: ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарушы.

– мәдени-ағарту: Орталық Мемлекеттік мұражайы мен мұрағаттарда қызмет атқарушы.

– ұйымдастыру және басқару: білім беру бөлімдерінде, әкімшіліктерде, зертханаларда, орталықтарда мемлекеттік әр түрлі деңгейдегі өндірістік- басқару мекемелерінде кәсіби қызмет атқарушы.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Бакалавриатты жақсы бітірушілерге  магистратурада оқуға барлық жағдайлар жасалған. Бұл мамандықтары бойынша халықаралық стандарттар талабына жауап бере алатын жоғары білікті мамандар даярлайды. Кафедра оқытушылары халықаралық жəне республикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады. Кафедра жанында бакалаврлар, магистранттар жəне PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының, теориялық жəне практикалық дайындықтарының барлық қырларын қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы талаптар мен қағидаттарға сай «Академик К.Н. Нұрпейіс атындағы» дәрісхана жұмыс істейді. Кафедра алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жаңа технологиялар мен оқытудың белсенді түрлерін қолдану болып табылады. Кафедра оқытушылары оқу үдерісі кезінде студенттердің білім деңгейін тексеру мақсатында жаңа әдістер қолданады, өздерінің ғылыми жұмыстары барысында алынған ғылыми нәтижелерін оқу үдерісінде белсенді түрде пайдаланады.

Кафедра оқытушылары Қазақстан тарихы, Ежелгі Шығыс тарихы, Грек және Рим тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы, әлемдік діндер тарихы, антикалық және орта ғасырлар кезеңіндегі саяси ағымдар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы секілді пәндер бойынша дәрістер өтеді. Соңғы жылдары – тарих ғылымындағы қазіргі пәнаралық зерттеулер, әлемдік өркениеттер тарихы, Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы, тарих ғылымындағы теориялық методологиялық мәселелер сияқты жаңа таңдау курстары енгізілді. Студенттік алмасу және академиялық мобильділік бағдарламаларының аясында кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары шет елдік университеттерге тағылымдамаға жіберіліп отырады.

Мәселен, қазіргі таңда кафедраның аға оқытушысы А.М. Қоңырова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде PhD доктарантурада мақсатты білім беру бағдарламасы бойынша, оқытушы А.Е. Абдиханова Туркия Республикасының Конья қаласындағы Селжұқ университетінде  PhD доктарантурасында оқып жатыр.

Осы оқу жылында «Тарих» кафедрасы 5В013000 – Тарих-Дінтану мамандығы бойынша мамандық ашу мақсатында құжаттар рәсімделіп, жіберілді.

6М011400-Тарих мамандығы бойынша магистратура, 6D020300-Тарих мамандығы бойынша PhD доктарантура ашу мақсатында құжаттар даярланып жатыр.

Кафедрада студенттерді оқу үдерісіне қолданатын оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. 2-оқулық, 10-оқу құралдары,  2- электронды оқу құралдары шығарылған.   

Дуальдік білім беру бағдарламасы бойынша мектептермен тығыз байланыста. Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияға студенттерді педагогикалық және өндірістік практикаға барады

Сондай-ақ кафедраның т.ғ.к., аға оқытушы Б.Т. Жұбанышов «Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ-ға дайындау әдістері» атты біліктілікті көтеру курстарын мектеп-колледж мұғалімдеріне ұйымдастырылып өткізеді.

Студенттердің тарихқа деген қызығушылығын арттыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу мақсатында кафедра жанынан «Жас тарихшы» үйірмесі ашылған. Бұл үйірме «Жастар және тарихқа жаңа көзқарас»  деген тақырып аясында жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, студенттердің оқу бағдарламасындағы пәндер бойынша білімін тереңдету үшін басқа оқу орындарынан және Ғылым Ордасынан ғылыми қызметкерлер мен профессорлар дәріс оқуға шақыртылады.

  

 

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері И.Камалдиновтың «Тарих» мамандығының 1-3 курс студенттеріне лекция оқу сәтінен.

 

Кафедра жетістіктері

Кафедраның профессор-оқытушылары жыл сайын Мимар-Синан атындағы Түркия университеті (Стамбул), Ресей Ұлттық ғылыми академиясының «Этнология және антропология» институтымен, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан мемлекеттік университеті және басқа да алыс-жақын шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыс жасап тәжірибе алмасуда.

Кафедраның оқытушылары т.ғ.к., доцент А.М. Сманова мен т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры А.И. Исаева Түркия Республикасының Анкара қаласындағы «Etimesgut» Халықаралық тарихшылар симпозиумына барып баяндама жасады (сәуір 2018 жыл)

Кафедраның оқытушылары  Д.С. Бурханова, Ж.К. Ахметова, М.А. Касимбекова, А.М. Қоңырова Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен «Толеранттық – өзара сенімді дамытудың құралы» атты Халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасады (мамыр 2018 жыл)

«Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын К.Нүрпейісов атындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп отырады. Жыл сайын конференцияға Венгрия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. алыс-жақын шетелдерден зерттеушілер келіп баяндама жасайды.

 

Кафедра студенттерінің жетістіктері

“Астана ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесіне арналған студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі”  атты халықаралық ғылыми конференцияда «5В011400-Тарих» мамандығының студенті Мирхошимова Шохсанам  ІІІ дәрежелі дипломмен марапаталды.

2018 жылы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «5В020300-Тарих» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиадасында ҚазМемҚызПУ «Талхиз» командасы ІІ орын иеленді.

 

Кафедра оқытушыларының марапаттары

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Л.Т. Қожакеева Л.Т. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

 

Кафедра доценті, т.ғ.к. Р.Т.Айтбай «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды

 

Кафедра оқытушысы т.ғ.к., аға оқытушы Б.Т. Жұбанышов «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағымен марапатталды.

 

Кафедра оқытушысы т.ғ.к., аға оқытушы Б.Т. Жұбанышов ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін «Алғыс хатпен» мараптталды.

2019 жылдың 28-29 наурыз күндері Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде  5В011400-Тарих мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған «Ұлағат» тобы «Үздік стартап жоба» атты номинациясымен марапатталды. Команда мүшелері: Амантаева Назерке, Бекетай Қызылгүл, Төлегенова Мадина. Команданың ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Ахметова Жанат Қуандыққызы.

 

2019 жылдың 23 сәуірі күні «Тарих» кафедрасының арнайы қонақтары т.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Қалыш Аманжол мен т.ғ.д., Манас атындағы Қырғыз-Түрік университетінің профессоры және де Түркияның Костомон университетінің профессоры Қаратаев Олжабай «5В020300-Тарих» мамандығының 1,2 курс студенттерімен кездесу өткізіп, баяндама оқыды. Қаратаев Олжабай – қырғыздардың этногенезі, этникалық тарихы, этномәдениетінің маманды болып табылады, осы сала бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Қалыш Аманжол – қазақ халқының этникалық тарихы, этномәдениетін зерттеуші болып табылады. Студенттерге жүргізген баяндамасында қазақ диаспорсының мәселесі жайында сөз қозғады. Кездесу соңында студенттер ғалымдарға сұрақтарын қоя отырып, қызықтырған тарихи мәселелерге жауабын ала алды.

 

23.04.2019 жылы “Рухани жаңғыру:Болашаққа бағдар” аясында және “2019-Жастар жылына” орай Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің “Тарих ” мамандығының ұйымдастыруы бойынша “Тарихшылар тарихты танушылар ма,әлде ашушылар ма?” атты жолдастық кездесу болып өтті.Жоспар бойынша тақырып өз кезегінде төрт түрлі тақырыпшаға негізделді. Әр тақырыпшаға студенттер жеке тоқталып,ой бөлісті. Аталмыш шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих-дінтану мамандығының белсенді студенттері және Қыздар Университетінің ғылыми және педагогикалық бағыттағы тарих мамандығының 3 курс студенттері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

2019 жылдың 28-29 наурыз күндері Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде  5В011400-Тарих мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған «Ұлағат» тобы «Үздік стартап жоба» атты номинациясымен марапатталды. Команда мүшелері: Амантаева Назерке, Бекетай Қызылгүл, Төлегенова Мадина. Команданың ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Ахметова Жанат Қуандыққызы.

 

 

2019 жылдың 22 сәуір күні «Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, зерттеуші, мұрағаттанушы Рашид Оразовпен кездесу, әрі қонақтық дәріс өткізілді. Рашид Оразов  Қазақстан тарихының ХІХ ғасыр кезеңінің маманы, соның ішінде қазақ зиялыларының білім алу мәселесін зерттеуші. Зерттеуші-ғалыммен кездесуге «Тарих» мамандығының 1-ші және 2-ші курс студенттері қатысты. Дәріс барысында, тарихшының зерттеуші ретінде алдына қоятын мақсат-міндеттері, архив деректерімен жұмыс жасау әдебі және алыс-жақын шетелдергі архивтердің ерекшеліктері мен Қазақстан тарихына байланысты дерекқорлары жайлы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, студенттер ағайға көкейінде жүрген сұрақтарын қоя отырып, белсенді пікір алмасу жүргізді.

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.